Home Uncategorized @kk-kz Алматыда бейнебақылау жүйесі мен жасанды интеллектінің тиімді қолданылуы

Алматыда бейнебақылау жүйесі мен жасанды интеллектінің тиімді қолданылуы

12

Алматыда бейнебақылау жүйесі нақты уақытта жасанды интеллектімен біріктіріліп, сәтті қолданылуда 2023 жылы Алматы қаласы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді.

Алматының осы саладағы жетістігінен үлгі алған басқа аймақтар да бұл технологияны қолдана бастады. Біріккен бейнебақылау жүйесінің жобасы 2022 жылы іске қосылды және бүгінгі күні қаладағы 45 мың бейнемониторинг камерасын біріктіреді. Ал келер жылдың соңына дейін олардың саны 70 мыңға дейін артады деп жоспарланған.

Осы жүйенің арқасында өткен жылы ауыр қылмыстарға қатысы бар немесе іздеуде жүрген ондаған адам ұсталды. Жүйе құқық қорғау органдарының мәліметтер базасымен интеграцияланған, онда 13 мыңнан астам іздеудегі адамдар туралы жазбалар бар.

«Жүйе іздеуде жүрген адамды анықтағанда, полиция бөлімшелеріне оның нақты мекен-жайын жіберіп, дереу хабарлайды. Бұл полицияның жұмысын тиімдірек етіп, жауап беру уақытын айтарлықтай қысқартады», – дейді Алматы қаласының цифрландыру басқармасы..

Сонымен қатар, жасанды интеллект алгоритмдері адамдардың шоғырлануын анықтап, олардың мінез-құлқын талдауға, , күдікті заттарды, қоғамдық орындардағы қаруды анықтауға, адамдар мен көліктерді бейне немесе сурет арқылы іздеуге, жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеуге, өрт пен түтінді тануға мүмкіндік береді.

Алматыда бейнемониторингтің жаңа түрлері де сынақтан өтіп, енгізіліп жатыр. Олар қалалық қызметтердің жұмысын жақсартуға арналған: қоқыс шоғырланған жерлерді, толып кеткен қоқыс жәшіктерін, үйсіз жануарларды анықтау, қоғамдық көліктердегі бейнеағындарды зерттеу және қатты дауыстарды тіркеу үшін аудиоанализ.

Бүгінде «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы 400-ден астам мемлекеттік мектеп пен балабақшаны қамтиды. Олардың барлығы цифрлық бейнемониторинг камераларымен, бейнемобильді дабыл қоңырауларымен, тұлғаны тану функциясы бар турникеттермен, дабыл түймелерімен және өрт қауіпсіздігі құрылғыларымен жабдықталған, және барлығы қалалық жедел қызметтермен байланыстырылған.

Қазіргі уақытта жеке білім беру мекемелерін бейнемониторинг жүйесіне қосу белсенді түрде жүзеге асырылуда. Осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік медициналық мекемелерде де осындай қауіпсіздік жүйесін енгізу жоспарлануда.