2025 жылдың күзінен бастап Алматы метросында жолаушылар жолақысын банк картасы немесе смартфон арқылы бір ғана қимылмен төлей алады. Енді Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay сияқты жүйелер арқылы төлем жасау барлық турникетте қолжетімді болмақ.
Қазіргі таңда метрополитенде турникеттерді жаңарту жұмыстары басталып кетті. Бұған дейін байланыссыз төлем тек касса жанындағы арнайы бір турникетте ғана мүмкін еді. Енді бұл қызмет барлық стансада орнатылатын жаңа құрылғылар арқылы іске асады. Бұл жаңашылдық жолаушылардың метроға кіру уақытын қысқартып, қатынасты әлдеқайда ыңғайлы етеді деп күтілуде.
Жаңа жүйе көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтін жолаушылар үшін ерекше қолайлы болмақ. Бұл жаңарту қала ішіндегі қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған және Алматы тұрғындарымен қатар қала қонақтарына да арналған.