Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейіп келеді. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның хабарлауынша, соңғы уақытта +870 кодымен басталатын нөмірлерден жасалған қоңыраулар жиілеген.
+870 коды Inmarsat спутниктік байланыс жүйесіне тиесілі. Ол негізінен теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс орнату үшін қолданылады. Алаяқтар бұл кодты сырт көзге Қазақстанның телефон нөмірлеріне ұқсас болғандықтан жиі пайдаланады.
Қауіпті кодтар тізімі:
+870 – жалпы спутниктік байланыс коды;
+871 – Атлантиканың шығыс бөлігі;
+872 – Тынық мұхиты аймағы;
+873 – Үнді мұхиты аймағы;
+874 – Атлантиканың батыс бөлігі.
Бұл кодтар негізінен халықаралық спутниктік байланыс үшін қолданылады, алайда алаяқтар оларды өз мақсаттарына пайдаланып, сенімге кіруге тырысады. Сондықтан осындай нөмірлерден қоңырау түссе, абай болыңыз.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?
Бейтаныс +870 кодымен қоңырау шалынған жағдайда қайта қоңырау шалмаңыз.
Жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін немесе SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.
Егер қоңырау шалған адам құпия ақпарат сұраса, бұл – алаяқтық белгісі.
Күмәнді нөмірлерден хабарласса, қоңырауды қабылдамай, оларды спамға белгілеңіз.
Қырағылық танытып, алаяқтардың арбауына түспеңіз!