Home Кәсіби маман AI for All:Building Generative Nation Together-жасанды интеллект арқылы жаңа дәуірге бірге...

AI for All:Building Generative Nation Together-жасанды интеллект арқылы жаңа дәуірге бірге қадам басайық

30

Дәл осындай ұранмен ESCAP БҰҰ конференциясы аясында Kazakhstan Tech Solution Day өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктерін көрсету және жаһандық деңгейдегі цифрлық даму мәселелерін талқылау үшін маңызды алаң.

Kazakhstan Tech Solution Day 15-тен астам талқылау отырыстарын қамтыды. Тақырыптар арасында жасанды интеллект, цифрлық қиындықтарды жою, киберқауіпсіздік, IT саласындағы әйелдердің қатысуы, цифрлық қосылу, адами капитал, технологиялар арқылы тұрақты даму, ғарыштық технологиялар, цифрлық денсаулық сақтау және барлығына қолжетімді интернет мәселелері болды.

Талқылауларға цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылар, оның ішінде Армид Салсия Алишахбананың басшылығымен ЭСКАТО БҰҰ өкілдері, әртүрлі елдердің цифрлық министрлері және Amazon, Forbes Technology Council, EPAM, Kaspi.kz сияқты жаһандық компаниялардың жетекшілері қатысты..

«Kazakhstan Tech Solution Day – бұл ІТ саласындағы жетістіктерімізді көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда және басқа да аймақтарда инновациялық экожүйені дамытуға ықпал ететін жаңа серіктестіктер мен бастамалардың негізін қалау мүмкіндігі. Бұл шара сондай-ақ жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері мен заманауи технологияларды енгізу үшін жаңа перспективалар ашады, еліміздің жаһандық цифрлық экономикадағы рөлін нығайтады», – деп атап өтті Жаслан Мадиев, ҚР МЦРИАП басшысы.