АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі TikTok қосымшасының жаһандық операцияларын басқаруды Oracle және америкалық инвесторлар тобына беру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы National Public Radio (NPR) сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Жоспарға сәйкес, қытайлық ByteDance компаниясы TikTok-тың шағын үлесін сақтап қалмақ. Дегенмен, қосымшаның алгоритмдері, деректерді өңдеу жүйесі және бағдарламалық жасақтаманың жаңартулары Oracle компаниясының қадағалауына өтеді. Осылайша, америкалық инвесторлар қосымшаның негізгі басқару тетіктерін өз қолына алуы мүмкін.
— «Мақсат — TikTok операцияларын Oracle компаниясы арқылы қадағалау және бақылау», — деп атап өтті келіссөзге қатысушы тараптардың бірі.
ByteDance жобаны басқаруға белгілі бір деңгейде қатысады, алайда қытайлық компанияның ықпалы айтарлықтай шектеледі деп күтілуде.
Мәміле бойынша талқылауға Oracle-ден бөлек, Microsoft компаниясы да қатысады. Келесі аптада Ақ үй өкілдері мен Oracle арасында келісімнің нақты шарттарын пысықтау үшін кездесу өтеді деп жоспарланған.
Дереккөздердің мәліметінше, Oracle TikTok-тың акцияларын ондаған миллиард долларға сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Бірақ келісімнің егжей-тегжейі әлі де нақтылануда.
Қазіргі уақытта Microsoft, Oracle, TikTok және Ақ үй өкілдері келіссөздер ба