Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ASUS жаңа ноутбугін ұсынды: OLED экран, жасанды интеллект мүмкіндіктері және күшейтілген қорғаныс

ASUS жаңа ноутбугін ұсынды: OLED экран, жасанды интеллект мүмкіндіктері және күшейтілген қорғаныс

8

ExpertBook A7 -заманауи жұмыс ырғағының су жаңа стандартын қалыптастыратын заманауи ноутбук.Тұтас металл корпусы, айқын контурлары мен мұқият өңделген бөлшектері құрылғыға қай бұрышынан қарасаңыз да ерекше мінсіз сипат береді.Калыңдығы бары-жоғы 1 см, ал салмағы 1,2 келіден басталатын бұл жинақы ExpertBook A7 ноутбугін өзіңізбен бірге кез келген жерге алып жүру өте жеңіл әрі ыңғайлы.

ExpertBook A7 – ұдайы қозғалыста жүретін мамандарға арналған. Ол өнімділікке еш нұқсан келтірмей, талғампаз дизайн мен ықшамдылықты шебер ұштастырады. Ноутбуктің әрбір бөлшегі барынша жеңіл әрі берік болуы үшін мұқият ойластырылған, яғни ноутбуктың сәнді алюминий корпусы мен көз тартарлық 3K OLED-дисплейінен бастап, жанасуға жағымды тачпадына, жоғары өнімділігі мен көпдеңгейлі қорғаныс жүйесіне дейін мінсіз үйлесім тапқан.

ASUS ExpertBook A7 тұтас металл корпусының жинақы пішінімен, айқын сызықтарымен және өзара үйлескен пропорцияларымен ерекшеленеді. Құрылымындағы әр бөлшек мұқият ойластырылып, ноутбуктің сыртқы келбетіне біртұтас сипат береді.

ASUS жаңа ноутбугін ұсынды: OLED экран, жасанды интеллект мүмкіндіктері және күшейтілген қорғаныс

Тұтынушылар үшін бұл құрылғы күміс түсті Lunar Silver және қара түсті Eclipse Black сияқты екі түрлі сәнді нұсқада қолжетімді.

Аккумуляторы ноутбукке бір қуаттағанда 26 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жылдам қуаттау функциясы батарея қуатын небәрі 30 минутта 50%-ға дейін толықтырады. Бұл әсіресе кездесулер арасындағы уақыт шектеулі болғанда ыңғайлы.

Ықшам корпус күнделікті жұмысты жеңілдететін бөлшектермен толықтырылған. USB 3.2 Gen 2 Type-C® стандартына сай екі әмбебап порт деректерді тасымалдауға, ноутбукты қуаттауға және кескінді сыртқы экранға шығаруға мүмкіндік береді. USB Type-A және HDMI® қосқыштары мониторларды, керек-жарақтар мен басқа да сыртқы құрылғыларды жалғауға арналған.

Шыны бетпен қапталған сенсорлық тақта саусақ қимылына дәл жауап беріп, стандартты тачпадтармен салыстырғанда басқару дәлдігін үш есе арттырады. Оның көмегімен қажетті ақпаратты жеңіл әрі жылдам парақтауға болады. Ал арнайы әзірленген берік топса ноутбукті бір қолмен еркін ашуға жағдай жасап, экранның шайқалуын азайтады.

ASUS ExpertBook A7 3K ажыратымдылығы бар 14 дюймдік OLED экранымен жабдықталған. Қанық түстер, терең контраст және жоғары айқындық презентацияларды, құжаттарды, суреттер мен мультимедиалық материалдарды анық көрсетуге көмектеседі.

Экранның шыны бетіне саусақ іздерінің қалуын азайтатын және жарық шағылысын төмендететін арнайы жабын жағылған. Бұл жарық кеңселерден бастап коворкингтерге дейін әртүрлі ортада экранды жайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Экранның жаңару жиілігі 120 Гц-ке дейін жетеді, ал өзгермелі жиілік 48–120 Гц аралығында жұмыс істейді. Соның арқасында кескін бірқалыпты жаңарып, басқару әрекеттеріне жылдам жауап береді. Экранның алдыңғы беттегі үлесі 90%-ды құрайды, сондықтан кескінді көруге көбірек орын бөлінген.

ASUS жаңа ноутбугін ұсынды: OLED экран, жасанды интеллект мүмкіндіктері және күшейтілген қорғаныс

Жоғары ажыратымдылықтағы OLED экран мен жіңішке жиектері ExpertBook A7 ноутбугінің сыртқы келбетін толықтыра түседі. Корпустың жинақы дизайны экраннан да көрініс табады. Әр пиксельге дейін анық берілетін кескін құрылғының мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жұқа корпусына қарамастан, ASUS ExpertBook A7 күн бойы өнімді жұмыс істеуге жеткілікті қуатқа ие. Ең жоғары жинақтамадағы Intel Core 7 процессоры, 16 ГБ-қа дейінгі LPDDR5X жедел жады және сыйымдылығы 512 ГБ-қа дейінгі PCIe SSD жинақтауышы құрылғының жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.Мұндай функционалдық мүмкіндіктер желілік ресурстармен жұмыс істеуге, медиаматериалдар дайындауға және көпміндетті режимдегі үдерістерді қатар орындауға мүмкіндік береді.

ASUS ExpertCool салқындату жүйесі процессор температурасын бақылап, тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. WiFi 6E модулі үздіксіз сымсыз байланысты ұстап тұрады.

Ноутбукта жұмыс өнімділігін арттыруға арналған ASUS MyExpert бағдарламалар жиынтығы да бар. Ол жасанды интеллектке негізделген құралдарды бір интерфейске біріктіреді. Бағдарлама құжаттар мен суреттерден қажетті ақпаратты іздеуге, мәтіннің қысқаша мазмұнын дайындауға, аударма жасауға және мәтін жазуға көмектеседі. Сондай-ақ жиналыстардың аудиожазбасын мәтінге айналдырып, талқылау қорытындысын әзірлейді және тапсырмалар тізімін автоматты түрде құрастырады. Бұл мүмкіндіктер ақпаратты өңдеу мен жұмыс барысын ұйымдастыруға кететін уақытты қысқартуға бағытталған.

ASUS ExpertBook A7 ноутбугінде жеке және корпоративтік деректерді қорғауға арналған ASUS ExpertGuardian қауіпсіздік жүйесі қолданылады. Ол бағдарламалық қорғаныс құралдарын, құрылымдық беріктікті және ұзақ мерзімді қолдауды біріктіреді.

Ноутбукта NIST SP 800-193 стандартының талаптарына сай BIOS қорғанысы және Windows 11 Secured-core PC платформасы қарастырылған. Бұл шешімдер микробағдарламадан бастап операциялық жүйеге дейінгі қорғанысты күшейтеді. Саусақ ізін тану құрылғысы FIDO2 аутентификациясын қолдайды, бұл жүйеге қауіпсіз әрі жылдам кіруге мүмкіндік береді. Ал TPM 2.0 модулі құпиясөздер мен шифрлау кілттері сияқты құпия деректерді қорғалған күйде сақтайды. Қоғамдық орындарда ноутбукты ұрлықтан қорғау үшін Kensington Nano құлыптау ұясы да қарастырылған.

Құрылғының беріктігі арнайы сынақтар арқылы тексерілген. ExpertBook A7 АҚШ әскери MIL-STD-810H стандартының талаптарына сай келеді. Сонымен қатар ASUS ноутбуктың ұзақ уақыт бойы күнделікті жүктемеге төтеп беруін тексеру үшін ішкі сынақтар жүргізеді.

ASUS жаңа ноутбугін ұсынды: OLED экран, жасанды интеллект мүмкіндіктері және күшейтілген қорғаныс

ExpertBook A7 ноутбугінің AMD процессорымен жабдықталған нұсқасы да бар. Бұл – Copilot+ санатындағы дербес компьютер. Ең жоғары жинақтамасында AMD Ryzen™ AI 7 процессоры орнатылған. Оның құрамындағы нейрондық процессордың жасанды интеллект тапсырларын орындау қуаты 50 TOPS-қа дейін жетеді. Сондай-ақ онда 16 ГБ-қа дейінгі LPDDR5X жедел жады мен көлемі 512 ГБ-қа дейінгі PCIe® қатты күйдегі жинақтауышы қарастырылған.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.