Home Технологиялар Ғаламтор және желі OpenAI жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты міндетті ұлттық талаптар енгізуді ұсынды

OpenAI жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты міндетті ұлттық талаптар енгізуді ұсынды

13

OpenAI АҚШ-та жасанды интеллекттің ең қуатты жүйелеріне қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде енгізуді ұсынды. Компанияның бұл бастамасы бұған дейінгі реттеу мәселесіне қатысты ұстанымының өзгергенін көрсетеді.

Ұсыныс компания GPT-6 Astra моделін таныстырғаннан кейін бір аптадан соң жарияланды. OpenAI аталған модельді осы уақытқа дейін әзірлеген ең қуатты жүйесі деп атаған. Алайда оның іске қосылуы киберқауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарға байланысты кейінге қалдырылды.

OpenAI-дің жаһандық мәселелер жөніндегі басшысы Крис Лехейн компания сайтында жариялаған үндеуінде ұлттық деңгейдегі міндетті қауіпсіздік талаптары жасанды интеллекттің озық модельдерінің нақты мүмкіндіктеріне қарай белгіленуі қажет екенін айтты.

«Жасанды интеллект мүмкіндіктерін дамытуда жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан бұл салаға қатысты мемлекеттік саясатта да жаңа тәсіл қажет. Мұндай міндетті бірде-бір компания, сала немесе мемлекет жеке өзі шеше алмайды. Мінсіз саясат қалыптастыруға ұмтылғаннан гөрі, нақты әрекетке басымдық беруіміз керек», – деді Крис Лехейн.

OpenAI АҚШ-та жасанды интеллектіні реттеудің бірыңғай ұлттық жүйесін қалыптастыруды ұсынады. Оның құрамында модельдерді сынаудың ортақ стандарттарын енгізу, озық жасанды интеллект жүйелерін тәуелсіз бағалау, киберқауіпсіздік талаптарын күшейту және қауіпсіздікке байланысты елеулі оқиғалар туралы міндетті есеп беру тетіктері болуы керек.

Дереккөз: Euronews

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.