Home Және басқа ақпараттар Балаларға арналған Қазақстанда электр самокаттарын пайдалану тәртібі өзгерді

Қазақстанда электр самокаттарын пайдалану тәртібі өзгерді

8

Қазақстанда жол қозғалысына қатысушылардың және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді.

Жаңа талаптарға сәйкес, электр самокатын басқаруға тек кәмелетке толған әрі жүргізуші куәлігі бар азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Бұдан былай мұндай көлік құралдары міндетті түрде тіркеуден өткізіліп, мемлекеттік нөмір белгісі беріліп, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі рәсімделуге тиіс. Электр самокатымен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге және екі адамның қатар мінуіне тыйым салынады. Сонымен бірге қозғалыс жылдамдығына шектеу белгіленген. Ал жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде жүргізуші самокаттан түсіп, оны жетектеп өтуге міндетті. Қысқа мерзімге жалға беру қызметін көрсететін сервистердің қосымшаларында пайдаланушылардың жеке деректерін міндетті түрде енгізу талабы белгіленді. Бұл құқық бұзушылыққа жол берген адамдарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Қоғам белсенділерінің пікірінше, жаңа талаптардың қабылдануы жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға оң ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар олар азаматтардың жаңа тәртіпті толық меңгеруі үшін кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін атап өтеді.