Home Технологиялар Ғаламтор және желі Илон Маск Grok 4.5 нұсқасын аса ауқымды жаңарту ретінде бағалады

Илон Маск Grok 4.5 нұсқасын аса ауқымды жаңарту ретінде бағалады

12

Илон Маск жуырда Grok 4.5 жүйесінің негізін құрайтын Grok v9 1.5T моделі тұрақты әрі сенімді жұмысымен ерекшеленетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл модель өнімділігі жағынан Claude Opus деңгейіндегі шешімдердің қатарына қосылады. Алайда ол Grok-тың өзге үлгілерден түбегейлі басым түсетінін айтқан жоқ.

– Grok v9 негізгі моделі барлық жүйеден озық болады деп отырған жоқпын. Бірақ ол Claude Opus деңгейіндегі сенімді әрі тұрақты жұмыс істейтін модельге айналады.

Маск сондай-ақ SpaceXAI компаниясында жасанды интеллект модельдері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру қарқыны айтарлықтай үдей түскенін айтты. Оның сөзінше, Starlink пен Starship жобаларында еңбек етіп жүрген ондаған жетекші инженер жұмыс уақытының басым бөлігін енді жасанды интеллектіні дамытуға бағыттап отыр.

Айта кету керек, қазіргі негізгі v8 моделі (Grok 4.3) 500 миллиард параметр негізінде оқытылған. Бұл модельді оқыту үдерісі өткен жылдың желтоқсанында аяқталғанымен, онда бірқатар іргелі кемшіліктер сақталған. Осыған байланысты Grok 4.5 нұсқасы алдыңғы буынмен салыстырғанда едәуір ауқымды жаңарту ретінде бағаланып отыр.

Бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, Grok 4.5 V9 архитектурасына негізделген. Оның көлемі 1,5 триллион параметрді құрайды. Сонымен қатар модельді оқыту барысында Cursor жасанды интеллектіге арналған танымал код редакторындағы деректер пайдаланылған.

Бұдан бөлек, Илон Маск биыл толықтай жаңадан оқытылған жаңа модельдер ай сайын жарияланып отыратынын мәлімдеді.

Дереккөз: Elon Musk

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.