Home Технологиялар Ғаламтор және желі Жасанды интеллект пен жаңа мүмкіндіктер: Galaxy Unpacked-те қандай жаңалықтар ұсынылады?

Жасанды интеллект пен жаңа мүмкіндіктер: Galaxy Unpacked-те қандай жаңалықтар ұсынылады?

14

22 шілде күні Samsung Electronics компаниясы Galaxy Unpacked таныстырылымын өткізеді. Іс-шара барысында жиналмалы смартфондар нарығының дамуына бағыт-бағдар берген Galaxy топтамасының ең жаңа құрылғылары көпшілік назарына ұсынылады.

Жаңа буындағы флагмандық смартфонды сатып алуға арналған құны 120 000 теңгеге дейінгі промокодты алу үшін samsung.kz сайтындағы арнайы тіркеу нысанын толтырыңыз. Сонымен қатар, сауалнама сұрақтарына жауап берген барлық қатысушы Galaxy смарт-сағаты мен сымсыз құлаққаптарын ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жасанды интеллектінің озық мүмкіндіктерін тың инженерлік шешімдермен ұштастырған Galaxy құрылғыларының жаңа буыны әр пайдаланушының қажеттілігіне бейімделетін, жекелендірілген қолдану тәжірибесін ұсынады. Сондай-ақ бұл жаңалықтар жасанды интеллект дәуіріндегі мобильді технологиялардың жаңа сапалық деңгейін айқындайды.

Galaxy Unpacked таныстырылымына қатысты жаңалықтарды қадағалап, міндетті түрде сайтқа тіркеліп қойыңыз және 22 шілде күні Астана уақытымен сағат 18:00-де өтетін тікелей көрсетілімге қосылыңыз.

Іс-шараның тікелей көрсетілімі Samsung.kz сайтында, Samsung Newsroom платформасында және Samsung компаниясының YouTube арнасында көрсетіледі.