Home Ойын-сауық Resident Evil Code: Veronica ойынын жанкүйерлер тағатсыздана күтуде

Resident Evil Code: Veronica ойынын жанкүйерлер тағатсыздана күтуде

12

Ойынға деген қызығушылық айрықша жоғары.

Resident Evil топтамасының жаңартылған нұсқалары бірнеше миллион данамен сатылып, ойыншылар мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланғаннан кейін Capcom ойын индустриясындағы жетекші компаниялардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайтты.

Resident Evil Code: Veronica ойыны 2000 жылы жарық көріп, сыншылар мен ойын қауымдастығының оң бағасына ие болды. Әзірлеушілердің мәліметінше, жаңартылған нұсқа түпнұсқа ойынның негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып, заманауи графика мен ойын үдерісін ұсынады.

Оқиға желісінің басты кейіпкері — Клэр Редфилд. Раккун-Ситидегі апаттан аман қалған ол ағасы Кристі іздеп Парижге аттанады. Алайда Кристің орнына Umbrella корпорациясының өкілдеріне тап болады. Көп ұзамай Клэр тұтқынға түсіп, мұхиттың ортасындағы Рокфорт аралында орналасқан әскери базаға жеткізіледі.

Resident Evil топтамасының алдыңғы жаңартылған ойындары сияқты, Code: Veronica да графикалық сапаны жақсартумен ғана шектелмейді. Әзірлеушілер ойыншылардың пікірлері мен ұсыныстарын мұқият зерделеп, түпнұсқаны көпшілікке сүйікті еткен ерекшеліктерді сақтауға басымдық берген. Сонымен қатар, ойынның өзіндік болмысын айқындайтын қырларын заманауи талаптарға сай жаңаша пайымдауға ұмтылған.

Ойын 2027 жылы дербес компьютерлер мен жаңа буын ойын консольдеріне шығарылады.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.