Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды

ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды

10

ASUS компаниясы «Жасанды интеллект барлық жерде. Шексіз мүмкіндіктер» стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Осы бағыт аясында компания Computex 2026 халықаралық көрмесінде корпоративтік деңгейдегі инфрақұрылымнан бастап шеткі есептеулерге негізделген қолданбалы шешімдерге дейін қамтитын жасанды интеллект құрылғыларының тұтас экожүйесін ұсынды.

«Computex 2026 көрмесінде біз жасанды интеллектіні күнделікті өмір мен өндірістің барлық саласына енгізу жөніндегі көзқарасымызды іс жүзінде көрсетіп отырмыз. Бұл үшін қуатты инфрақұрылымды шеткі есептеулердің нақты әрі түсінікті қолдану бағыттарымен ұштастырдық. Корпоративтік жүйелерден бастап күнделікті пайдалануға арналған құрылғыларға дейін ASUS жасанды интеллектіні қолдануды барынша ыңғайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді етіп, адамдар мен ұйымдардың инновацияларды сеніммен енгізуіне жағдай жасайды», – деді ASUS компаниясының атқарушы тең директоры С. И. Сюй.

ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды

Көрме барысында ASUS жасанды интеллектінің шеткі есептеулер мен заттар интернеті салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Компания стендінде бизнестің тұрақты дамуына арналған жасанды интеллект шешімдері, инфрақұрылымдық жүйелер, кеңсе жұмысына арналған құралдар, өнеркәсіптік қолданбалар, күнделікті тұрмысқа арналған технологиялар, шығармашылық бағыттағы әзірлемелер, денсаулық сақтау саласындағы шешімдер және ойын индустриясына арналған жасанды интеллект жүйелері таныстырылды.

Бұл ASUS-тың жасанды интеллект технологияларын тәжірибеде тиімді пайдалануға болатын, көпшілікке қолжетімді әрі өмірдің барлық саласына кеңінен енгізілген шешімдер ретінде дамытуға ұмтылатынын айқын көрсетеді. Компания адамдар еңбек ететін, шығармашылықпен айналысатын, демалатын және күнделікті өмір сүретін кез келген ортада жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат етеді.

«ASUS Zenni Claw құрылғысынан бастап ауқымды жасанды интеллект экожүйесіне дейінгі соңғы жетістіктеріміз жасанды интеллектінің қолданыстағы технологиялық шектеулерден асып түсіп, түрлі салалар мен күнделікті өмірде нақты пайда әкелуге қабілетті екенін дәлелдейді, – деді ASUS компаниясының атқарушы тең директоры Самсон Ху. – Біз жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін барлық деңгейде пайдалана отырып, адам мүддесін басты орынға қоятын, ақылды әрі орнықты технологиялық орта қалыптастыруды көздейміз».

Осы ұстанымының нәтижесінде ASUS компаниясының көрме стенді тұрақты технологиялар бағыты бойынша Computex көрмесінің ең жоғары алтын жүлдесіне ие болды.

Бизнеске арналған жасанды интеллект жеке жұмыс орындарынан бастап кеңселер мен ірі корпорацияларға дейін кеңінен қолданылады.

ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды

Жасанды интеллект күнделікті жұмыстың тиімділігін арттыруға көзге көп түсе бермейтін, бірақ елеулі үлес қосып келеді. Оның көмегімен қызметкерлер бірсарынды міндеттерді әлдеқайда жылдам орындайды, ал компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі күшейіп, оларды басқару жеңілдей түседі.

Гибридті жұмыс пен оқуға арналған ASUS ExpertBook B5 Flip G2 ықшам ноутбугі әртүрлі міндеттер мен жұмыс жағдайына оңай бейімделеді.

Құрылғының аппараттық негізін жасанды интеллект мүмкіндіктерін жеделдететін Intel Core™ 7 Series 3 процессоры құрайды. Ал жүйенің қауіпсіздігі ASUS ExpertGuardian технологиясы арқылы қамтамасыз етіледі. ExpertBook B5 Flip G2 өнімді жұмысқа арналған интеллектуалды шешімдерді, сенімді қорғанысты және жоғары өнімділікті премиум санаттағы алюминий корпуста үйлестірген. Ноутбуктің салмағы небәрі 1,34 килограмм, ал қалыңдығы 14,9 миллиметрді құрайды. Сондықтан ExpertBook B5 Flip G2 қазіргі заман талаптарына сай жұмыс пен оқу үдерісінде сенімді серік бола алады.

ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды

ASUS ExpertBook Ultra бизнес-ноутбугінде пайдаланушыға барынша қолайлы жағдай жасауға қажетті мүмкіндіктердің барлығы қарастырылған. Құрылғы тұрақты даму қағидаттарын қолдайтын технологиялары үшін Computex 2026 көрмесінің арнайы сыйлығына ие болды. Ол Intel Core Ultra X9 Series 3 процессорымен және Intel Arc™ Pro графикалық жүйесімен жабдықталған.

Мұндай үйлесім ресурсты көп қажет ететін көпміндетті режимде жұмыс істеуге, визуалды контентпен жұмыс жүргізуге және күнделікті міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.

ASUS ExpertBook Ultra тұрақты даму ұстанымдарын қолдайды. Бұл құрылғыда өнімнің цифрлық паспорты (Digital Product Passport, DPP) мен өнімнің экологиялық ізі (Product Environmental Footprint, PEF) жүйелері біріктірілген. Соның арқасында ноутбуктің бүкіл өмірлік циклі туралы ақпарат ашық көрсетіліп, айналым экономикасының дамуына ықпал етеді.

Ноутбук Intel vPro® платформасы негізінде жасалған және корпоративтік ортада пайдалануға бейімделген. Онда сенімді қорғаныс тетіктері мен басқаруды жеңілдететін шешімдер қарастырылған. Сонымен қатар құрылғы ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын NIST SP 800-193 ұсынымдарының талаптарына сәйкес келеді. ASUS ExpertLumi жарық индикаторы құрылғының жұмыс күйін нақты уақыт режимінде көрсетіп отырады. Бұл пайдаланушыға негізгі жұмыстан алаңдамай-ақ жүйенің жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.

ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды

Жасанды интеллектінің күнделікті өмірде қолдану бағыттары

Жасанды интеллект бүгінде тек күрделі міндеттерді шешуге ғана емес, күнделікті тұрмыста кездесетін қарапайым жұмыстарды жеңілдетуге де кеңінен қолданылып келеді. Ол адамға маңызды ақпараттан қалыс қалмауға, уақытын тиімді ұйымдастыруға және өнімділігін арттыруға көмектеседі. Интуитивті түрде ұсынылатын ақылды функциялар үйде де, жұмыста да, кез келген ортада адамның қалыптасқан өмір салтына табиғи түрде кірігіп, күнделікті іс-әрекетті анағұрлым ыңғайлы етеді.

ASUS компаниясының V сериясына жататын құрылғылар жоғары өнімділігімен және жинақы, талғампаз дизайнымен ерекшеленеді. Бұл топтамаға V700 Mini Tower ықшам үстелүсті компьютері, сондай-ақ V200 AiO және V400 AiO моноблоктары кіреді.

V700 Mini Tower үстелүсті компьютері жоғары өнімді Intel Core Ultra 9 процессорымен жабдықталған. Құрылғыдағы тиімді салқындату жүйесі оның барынша тыныш жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ал ағаш элементтермен әрленген сәнді корпусы заманауи технология мен эстетикалық үйлесімді ұштастырады.

V200 AiO моноблогы күнделікті жұмысқа арналған ықшам әрі әсем құрылғы ретінде әзірленген. Ол тұрақты жұмыс өнімділігін қамтамасыз ететін AMD Ryzen 5 процессорымен жабдықталған. Құрылғының іскерлік стильдегі ықшам дизайны оны үйде де, кеңседе де пайдалануға қолайлы етеді.

Үлкен экранды және жасанды интеллект негізіндегі түрлі функцияларды қажет ететін пайдаланушылар үшін V400 AiO моноблогы тиімді шешім бола алады. Ол диагоналі 27 дюйм болатын FHD ажыратымдылықтағы дисплеймен жабдықталған. Сонымен қатар құрылғы Snapdragon X платформасына негізделген жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұсынып, пайдаланушы тәжірибесін жаңа деңгейге көтереді.

ASUS Computex 2026 көрмесінде жасанды интеллектіге негізделген жаңа корпоративтік шешімдерін таныстырды