Қазақстанда 1 мамырдан бастап цифрлық активтердің айналымын кешенді түрде реттейтін жаңа құқықтық тетік қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды LS. Ұлттық банктің төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің директоры Ерлан Ашықбековтің мәлімдеуінше, бұдан былай криптоактивтер айналымы бейресми әрі бақылаудан тыс қалып келген кеңістіктен шығарылып, толыққанды құқықтық және ашық реттеу алаңына өтеді. Барлық операциялар тек лицензиясы бар нарық қатысушылары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұған дейін криптоактивтерге қатысты мәмілелердің едәуір бөлігі реттеуші органдардың бақылау аясынан тыс қалып келгені белгілі. Бұл жағдай азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейіне де, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығына да белгілі бір қауіп-қатерлер туындатқан.
Екіншіден, қаржы нарығында жаңа санат – цифрлық қаржы активтері қалыптасты. Олар біртіндеп елдің инвестициялық және қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Бұл қатарға стейблкоиндер мен нақты активтерді цифрлық форматқа көшіру, яғни токенизациялау үдерісі арқылы шығарылатын құралдар кіреді. Осылайша, мәселе бақылауды күшейту туралы емес, керісінше, жаңа саланы жүйелі түрде қалыптастырып, пайдаланушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ете отырып, қаржылық технологиялардың дамуына жағдай жасайтын жетілген нарық моделін орнықтыру жөнінде болып отыр, – деп түсіндірді ол.
Мұндай қызметтер нарыққа қатысушылар лицензиялық талаптарды орындап, тиісті рұқсат алғаннан кейін кезең-кезеңімен қолжетімді бола бастайды. Бұл криптовалюталармен жүргізілетін операцияларға да, сатып алу, сату және сақтау сияқты негізгі қызмет түрлеріне де қатысты.
Жаңа реттеу шеңберінде цифрлық активтердің жіктелуі нақтыланды. Олар екі негізгі топқа бөлінеді:
біріншісі – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, яғни криптовалюталар;
екіншісі – цифрлық қаржы активтері (ЦҚА).Соңғы санатқа ақша қаражатымен қамтамасыз етілген стейблкоиндер, нақты активтердің токенделген нұсқалары, сондай-ақ дәстүрлі қаржы құралдарының цифрлық баламалары енгізілген.
Криптоактивтермен және шетелдік стейблкоиндермен жасалатын операциялар тек лицензияланған провайдерлер арқылы, атап айтқанда криптобиржалар мен криптоайырбастау платформаларының қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай ұйымдар клиенттерді міндетті сәйкестендіруді жүргізуге, барлық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге және заңсыз қаржылық әрекеттердің алдын алуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға тиіс.
Ұлттық банктің түсіндіруінше, цифрлық қаржы активтері капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, инвесторлардың түрлі қаржы құралдарына қол жеткізу аясын да едәуір ұлғайтады. Бұл өз кезегінде жаңа инвестициялық құралдар нарығының қалыптасуына негіз болады.
Сонымен қатар Ұлттық банк цифрлық активтердің айналымын реттеу, лицензиялау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Бұл өкілеттік Қазақстан аумағында (АХҚО-ны қоспағанда) қызмет ететін цифрлық активтер провайдерлеріне де қолданылады.
Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды MobiLaser Telegram арнасынан оқуға болады.












