Home Қаржы Қазақстанда QR-төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізіледі

Қазақстанда QR-төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізіледі

19

Қазақстандық банктерді QR-төлемдерге арналған бірыңғай банктік сервиске қосу үдерісі биылғы жылдың шілде айына дейін толық аяқталады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған норма ағымдағы жылдың шілде айында күшіне енеді. Дегенмен қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі барлық банктерді алдын ала бірыңғай QR жүйесіне қосу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Мадина Әбілқасымованың сөзінше, ұлттық төлем жүйесін қалыптастыру мен дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жауапты. Аталған орган банктерді осы жүйеге кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда жүйеге Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank Kazakhstan, Freedom Bank Kazakhstan, Halyk Bank, Bank RBK және Altyn Bank енгізілген.