Жуырда Алматы мен облыс аумағында болған жер сілкінісі мемлекеттік жедел хабарлау жүйесінің барлық тұрғынға бірдей жетпегенін көрсетті. Мұның түрлі себептері бар, олар туралы алдағы ақпараттық материалдарымызда кеңінен тарқатып жазатын боламыз. Ал жеке смартфоныңызға жер сілкінісі туралы ескертулерді қалай қосуға болады? Төменде осы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіреміз.
Оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отыруға Google компаниясы және өзге де өндірушілер ұсынатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету көмектеседі. Смартфоныңызға ескертулер үздіксіз келіп тұруы үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау жеткілікті.
Android жүйесіндегі құрылғылар үшін
Алдымен баптаулар бөліміне кіріп, іздеу жолағына жер сілкінісі деген сөзді енгізіңіз. Осыдан кейін жер сілкінісі туралы ескертулер бөліміне өтіп, тиісті қызметті іске қосу үшін сырғытпаны белсенді қалыпқа ауыстырыңыз. Осы әрекеттерден соң смартфоныңыз қауіпті жағдай туындағанда автоматты түрде хабарлама жіберіп отырады.
Apple құрылғылары үшін
App Store дүкенінен Earthquake қосымшасын жүктеп алыңыз. Себебі Google компаниясының жер сілкінісі жөніндегі жедел ескертулері Қазақстан аумағындағы пайдаланушыларға қолжетімді емес. Қосымшаны орнатқаннан кейін ескертулерді күту ғана қалады, ал жүйе сейсмикалық белсенділік байқалған сәтте сізге дереу хабар береді.
Осындай қарапайым қадамдар арқылы жеке қауіпсіздігіңізді арттырып, табиғи апат туралы ақпаратты уақытылы алып отыруға мүмкіндік аласыз.












