Home Технологиялар Киберқауіпсіздік «Жарық жол» бағдарламасы туралы ақпарат жалған болып шықты

«Жарық жол» бағдарламасы туралы ақпарат жалған болып шықты

11

Әлеуметтік желілерде «Жарық жол» бағдарламасының іске қосылғаны туралы жалған хабарламалар таралуда. Белгісіз тұлғалар жасанды интеллект негізіндегі deepfake технологиясын пайдаланып, бейнежазбалар арқылы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен белгілі тұлғалардың қолдауымен азаматтар табыс таба алады» деген шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқан.

Deepfake технологиясы бір адамның бейнесін фото, аудио немесе видео материалдарда басқа адамның бейнесімен алмастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан тексерілмеген, сенімсіз ақпаратқа сенбеу қажет. Мамандар видеолар мен аудиожазбаларды көрген кезде сілтемелерге өтпей, оларға жауап бермеуге кеңес береді. Бұл жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін аса маңызды.

Сонымен қатар, жалған ақпарат тарату заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.