Home Технологиялар Ғаламтор және желі Шығыс Қазақстанның 56 ауылы биыл интернетке қосылады

Шығыс Қазақстанның 56 ауылы биыл интернетке қосылады

6

Шығыс Қазақстан облысында интернет желісін кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда өңір тұрғындарының 97 пайызы желіге қол жеткізе алады. Биыл тағы 56 ауылдық елді мекен интернетке қосылады. Ал қалған 66 шағын ауыл 2027 жылға дейін республикалық «Жол картасы» аясында толық қамтылатын болады.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингінде айтты. Оның айтуынша, интернетті тарату тек қана байланыс мәселесін шешіп қана қоймай, тұрғындардың цифрлық инфрақұрылымға қол жеткізуін жеңілдетеді.

Сонымен қатар, республикалық автожолдардың бойында заманауи цифрлық инфрақұрылым құрылуда. Бұл өңірдегі байланыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Келесі жылы 22 антенна-мачта құрылысы аяқталып, бұл Шығыс Қазақстанның барлық аудандарында интернет байланысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба тұрғындардың цифрлық әлемге қол жеткізуін жеңілдетіп, білім, қызмет және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттырады.