Home Технологиялар Ғаламтор және желі Mansap Kompasy – жастардың кәсіби жолын саналы таңдау мүмкіндігі

Mansap Kompasy – жастардың кәсіби жолын саналы таңдау мүмкіндігі

8

2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Mansap Kompasy платформасында оқушыларға өз болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына мүмкіндік беретін жаңа цифрлық құрал енгізілді. Осы құралдың көмегімен 7-11 сынып оқушылары кәсіби бағдар тесінен өтіп, 28 мыңнан астам жас өз қызығушылықтарын анықтап, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдады.

Тест халықаралық әдістемелер негізінде әзірленген және адамның қабілеті мен қызығушылық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Тесті аяқтағаннан кейін жүйе әр оқушыға жеке кәсіби ұсыныстар жасап, сәйкес мамандықтарды меңгеру жолдарын, қажетті дағдылар мен мүмкіндіктерді көрсететін қосымша аналитикалық ақпарат ұсынады.

Mansap Kompasy платформасында экономиканың 16 бағыты бойынша 730-дан астам сұранысқа ие мамандық туралы ақпарат жинақталған. Әр мамандықта негізгі дағдылар сипатталған, бос орындар, жалақы деңгейі және оқу орындары тізімі берілген, бұл оқушыларға саналы таңдау жасауға көмектеседі.

Платформа Skills Enbek жүйесімен интеграцияланған, бұл оқушыларға өз дағдыларын жетілдіруге арналған онлайн-курстарды таңдау мүмкіндігін береді. Осы арқылы жастар еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.

Жыл соңына дейін Mansap Kompasy платформасы 100 мыңнан астам мектеп оқушысын қамтып, тестілеуден өтуге, қызығушылықтарын анықтауға және мамандық таңдау бойынша жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Ернат Жұнусовтың айтуынша, Қазақстанның болашақ кәсіби әлеуетін қалыптастыру мектептен басталады. Mansap Kompasy жастарға өз жолын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді, ал мемлекетке экономиканы дамытуға қажетті кадрларды дұрыс жоспарлауға жол ашады.

Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.