Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск «Joe Rogan Experience» подкастында жаңа спорттық электромобиль Roadster-дің биылдың соңына дейін таныстырылатынын жариялады. Ол көліктің ұша алуы мүмкін екенін немесе одан да күтпеген технологиялық жаңалыққа ие болатынын меңзеді.
Масктың сөзінше, оның досы Питер Тиль бірде болашақта ұшатын көліктер пайда болуы тиіс деп айтқан, бірақ бүгінге дейін мұндай көліктер жоқ. Джо Роган Roadster автокөлігінің ұшуға мүмкіндігі бар-жоғы туралы сұрағанда, Маск нақты жауап беруден қашқақтап, тек аталмыш таныстырылымның тарихтағы ең есте қаларлық сәттердің бірі болатынын жеткізді.
Әңгіме Tesla Roadster спорттық автокөлігінің прототибіі жайында. Илон Масктың сөзінше, көлік таңғалдырғыш технологияларға толы, қарапайым түсініктен асып кететін ерекше құрал. Ол Roadster-ді Джеймс Бондтың барлық көліктерінен де ерекше деп сипаттап, егер олардың бәрін біріктірсек те, бұл көліктің бәрінен асып түсетінін атап өтті.
Бастапқы Roadster Tesla компаниясының алғашқы өндірістік электромобилі болған. Екінші буындағы прототип 2017 жылы таныстырылып, сол кезде Маск оны тарихтағы ең жылдам өндірістік көлік етеді деп мәлімдеген. Дегенмен, көлік әлі күнге дейін нарыққа шыққан жоқ.
2017 жылы Маск көлікте салқындатылған газ қозғалтқышын орнату мүмкіндігін қарастырған. Бұл қозғалтқыш көліктің жолға жабысып тұруын, жеделдеуін арттырып, оны тұрғылықсыздандыру немесе ұшу қабілетіне ие етеді деп жоспарланған.
Компанияның соңғы қаржылық есебі күмән тудырғанымен, Маск оптимизмін сақтап отыр. Ол жыл соңына дейін 8–10 ірі қалада роботакси қызметін іске қосатынын және 2026 жылы Optimus роботтарының өндірісін бастайтынын айтты. Оның ойынша, бұл роботтар қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға және технологиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге үлес қосады












