Home Электроника Ұялы телефон Смартфонсыз өмір мүмкін бе? Қолданушылар таңдаған үздік үлгілер

Смартфонсыз өмір мүмкін бе? Қолданушылар таңдаған үздік үлгілер

12

Мобильді технологиялар әлемі күн сайын қарыштап дамуда. Жыл сайын жаңа үлгілердің шығу қарқынының артуы нарықты қолжетімді етіп, заманауи құрылғылардың бағасын да төмендетті. Соның арқасында бірнеше жыл бұрын қымбат саналған смартфондар бүгінде көпшілікке қолжетімді болды.

XXI ғасырда смартфон – адамның ажырамас серігіне айналды. Бүгінгі таңда қоғамның басым бөлігі өмірін онсыз елестете алмайды. Мұның себебі де түсінікті: заманауи телефондар тек байланыс құралы емес, фотоаппарат, бейнекамера, ойын құрылғысы, тіпті жеке көмекші қызметін де атқарады.

Қазақстанда да 10-нан 50 жасқа дейінгі адамды смартфонсыз елестету қиын. Сол себепті, біз дайындаған бұл шағын шолу көп оқырманның қызығушылығын тудырары сөзсіз.

2020 жылдың үздік 3 смартфоны

iPhone 11 Pro Max (бағасы шамамен 680 000 теңгеден басталады)

Смартфонсыз өмір мүмкін бе? Қолданушылар таңдаған үздік үлгілер

Apple компаниясының бұл моделі – қуаты мен өнімділігі жағынан ең озық құрылғылардың бірі. Үш камералы жүйесі мен толық экранды дизайны кәсіби түсірілім жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алдыңғы буын үлгілеріне қарағанда аккумулятор қуаты 4–5 сағатқа ұзақ қызмет етеді.

Техникалық сипаттамалары:

Салмағы – 226 г | Өлшемі – 158×77,8×8,1 мм | ОЖ – iOS 13 | Экран – 6,5 дюйм | Ажыратымдылығы – 1242×2688 | Процессор – A13 Bionic | Жады – 64/256/512 ГБ | Батарея сыйымдылығы – 3500 мА·сағ | Артқы камера – 12 МП + 12 МП + 12 МП | Алдыңғы камера – 12 МП.

iPhone 11 (бағасы шамамен 340 000 теңгеден басталады)

Смартфонсыз өмір мүмкін бе? Қолданушылар таңдаған үздік үлгілер

Бұл модель – iPhone 11 сериясының қолжетімді нұсқасы. Қарапайым дизайны мен қуатты процессорының арқасында өнімділігі жоғары және күнделікті қолдануға өте ыңғайлы. Камера сапасы да айтарлықтай жақсы – ол түрлі жарықта анық әрі қанық сурет түсіруге мүмкіндік береді.

Техникалық сипаттамалары:

Өлшемі – 150,9×75,7×8,3 мм | Операциялық жүйе – iOS 13 | Экран – 6,1 дюйм | Ажыратымдылығы – 828×1792 | Процессор – A13 Bionic | Жады – 64/128/256 ГБ | Оперативті жад – 4 ГБ | Аккумулятор сыйымдылығы – 3110 мА·сағ | Артқы камера – 12 МП + 12 МП | Алдыңғы камера – 12 МП.

Бағасы әлдеқайда төмен болғанымен, iPhone 11 көптеген маңызды мүмкіндіктерге ие. Үлкен экранды ұнататындар үшін бұл – тамаша нұсқа. Сондай-ақ, түнгі түсірілім режимі бар, ол жарық аз кезде де сапалы сурет алуға жағдай жасайды.

iPhone XR (бағасы шамамен 280 000 теңгеден басталады)

Смартфонсыз өмір мүмкін бе? Қолданушылар таңдаған үздік үлгілер

Apple компаниясының соңғы жылдардағы ең қолжетімді үлгілерінің бірі – iPhone XR. Бағасы төмен болғанымен, бұл модель көптеген функцияларымен алдыңғы қатарлы смартфондардан кем түспейді.

Техникалық сипаттамалары:

Салмағы – 194 г | Өлшемі – 150,9×75,7×8,3 мм | ОЖ – iOS 12 | Экран – 6,1 дюйм | Ажыратымдылығы – 1792×828 | Процессор – A12 Bionic | Оперативті жад – 3 ГБ | Жады – 64/128/256 ГБ | Аккумулятор – 2942 мА·сағ | Артқы камера – 12 МП | Алдыңғы камера – 7 МП.

Дисплейдің ажыратымдылығы аса жоғары емес, бірақ түстердің айқындығы мен жарықтығы сақталған. Ең бастысы – бұл смартфонның қуаттылығы мен батареясының ұзақ жұмыс істеуі.

iPhone XR артқы жағында тек бір ғана камерамен жабдықталған, сондықтан портрет түсірілімінде айтарлықтай айырмашылық байқалады. Дегенмен, күнделікті фотоға түсіру үшін оның сапасы жеткілікті жоғары.

Жалпы алғанда, iPhone XR – бағасы қолжетімді, өнімділігі жоғары және батареясы ұзаққа шыдайтын модель. Егер сіз үнемі қуаттағыш іздеуден шаршап, телефонның тез отырып қалуынан жалықсаңыз, бұл смартфон сізге дәл келеді.

Көптеген қолданушылардың пікірінше, iPhone – өз класының шегінен асып түскен құрылғы. Apple әлемінде оған тең балама әзірге табыла қойған жоқ.

Автор: Камила Асылбекова