Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда кеме экипажына арналған цифрлық диплом қызметі іске қосылды

Қазақстанда кеме экипажына арналған цифрлық диплом қызметі іске қосылды

65

Қазақстанда кеме экипажының дипломын электронды түрде алу мүмкіндігі пайда болды. Енді бұл құжатты eGov mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Жаңа цифрлық қызмет диплом алу процесін едәуір жеңілдетіп, рәсімдеу уақытын қысқартты.

Бұған дейін диплом алу 22 жұмыс күніне дейін созылатын, қазір бұл процесс бес күннен аспайды. Мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген жүйе арқасында азаматтардан бес құжаттың орнына тек бір құжат қана талап етіледі. Сондай-ақ білім тексеру жаңа форматта жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында компьютерлік тестілеу арқылы емтихан тапсырылады, ал нәтижелері автоматты түрде «Е-лицензиялау» порталында қолжетімді болмақ.

Цифрлық диплом автоматты түрде қалыптасып, пайдаланушыға eGov mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінен алуға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, сервис жаңартылып, барлық қолданушыларға қолжетімді болды.