Қазақстанның Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың заң қызметін қолдауға арналған жаңа жасанды интеллект жүйесін әзірлеп, көпшілікке таныстырды. Жаңа технологияның таныстырылымы Сот әкімшілігінде өтті.
Жүйе ресми құқықтық дерекқорларға негізделген. Ол Нормативтік актілердің эталондық бақылау банкі мен «Әділет» жүйесінде сақталған мәліметтерді пайдаланады. Басқа жасанды интеллект модельдерінен ерекшелігі – ашық интернет көздеріне жүгінбейді. Сондай-ақ, жүйеге Франция, Германия, Польша, Грузия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан сияқты елдердің заңнамасы енгізілген.
Жасанды интеллект заңнамалық өзгерістерді талдай алады, құқықтық нормалар арасындағы қайшылықтарды анықтайды, халықаралық салыстыру жүргізеді және Қазақстан Конституциясына сәйкес келмейтін ережелерді белгілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жүйе нормативтік актілердің баптарын өңдеуге арналған аналитикалық шолулар, анықтамалар мен ұсынымдар дайындайды.
Министрліктің өкілдері атап өткендей, жасанды интеллектіні пайдалану құқықтық актілерді әзірлеудің сапасын арттырады және заңдарды талдауды жылдамдатып, олардың халықаралық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.












