Home Робот пен дрондар,ЖИ Қарағанды полициясы заманауи технологияның күшімен тәртіпті күшейтуде

Қарағанды полициясы заманауи технологияның күшімен тәртіпті күшейтуде

20

Қарағанды облысында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жарияланған «Профилактика жылы» аясында заманауи цифрлық шешімдер кеңінен енгізіліп жатыр. Негізгі мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өңір орталығында орнатылған 60 бейнебақылау камерасы жасанды интеллект жүйесімен біріктірілген. Ақылды құрылғылар адамдардың жүзін таниды, агрессивті әрекеттер мен адам көп жиналған орындарды анықтап, қажет болған жағдайда полицияға автоматты түрде хабар береді.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагұловтың айтуынша, жүйе іске қосылғалы бері 49 құқықбұзушы анықталып, ұсталған.

«Жүйенің көмегімен сот шешімін бұзған және басқа өңірлерге заңсыз кеткен адамдарды анықтадық. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарғандар да ұсталды», – деді ол.

Полицияның мәліметінше, мұндай технологиялар профилактикалық шаралардың тиімділігін арттырып, құқық қорғау саласындағы жұмысты жаңа деңгейге көтерген.

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллектіге негізделген бақылау жүйелері алдағы уақытта басқа қалаларда да орнатылмақ. Бұл бастама аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтіп, қоғамда тәртіп пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік береді.