Home Технологиялар Инновациялар Ақсу ферроқорытпа зауытында ЖИ қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Ақсу ферроқорытпа зауытында ЖИ қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды

21

Ақсу ферроқорытпа зауытында (Kazchrome және ERG құрамында) жасанды интеллектіні қолдану бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба аясында жаңа технологиялар пештерді басқару жүйесіне енгізілмек.

Мамандар алғашқы кезеңді аяқтап, үш айлық технологиялық деректерді талдап шықты. Зерттеу нәтижесі бойынша өндірістік процесті тұрақтандыратын, энергияны тиімді пайдалануды арттыратын, жоспардан тыс тоқтап қалуды азайтатын және апаттық жағдайлардың алдын алатын ұсынымдық модель құруға болатыны дәлелденді.

Қазіргі уақытта зауыттағы бір пештің негізінде цифрлық мониторинг пен алдын ала диагностика жүйесі жасалып жатыр. Егер тәжірибе сәтті жүзеге асса, жобаны зауыттың өзге өндірістік алаңдарына да кеңейту жоспарланған.

ERG таратқан мәліметке сәйкес, келешекте он түрлі арнайы модульді іске қосу көзделіп отыр. Олардың қатарында жабдықтардың бұзылуын алдын ала болжайтын жүйе де бар. Бұл шешім металлургия саласында өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.