Home Техника Автокөліктер Қазақстанда техникалық тексеруге рұқсат енді онлайн беріледі

Қазақстанда техникалық тексеруге рұқсат енді онлайн беріледі

29

Қазақстанда техникалық тексеру операторлары үшін рұқсат алу тәртібі өзгерді. Енді құжатты толық электронды түрде elicense.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Техникалық тексеру елімізде жол қозғалысына қатысатын барлық көліктер мен тіркемелер үшін міндетті болып қала береді. Бұл ереже шетелдік тіркеудегі көліктерге де қатысты.

Егер бұрын операторларға қызметті бастау үшін тек хабарлама жеткілікті болса, енді жаңа ережеге сәйкес ресми рұқсат алу қажет. Бұрын бұл процесс Автотранспорт комитетінің аймақтық бөлімшелерінде жүргізілсе, қазір толық автоматтандырылған.

Өтініш беру үшін elicense.kz порталында тіркеуден өтіп, «Техникалық тексеру операторларының қызметіне рұқсат беру» қызметін таңдап, форма толтырылады. Жүйе білім туралы құжатты немесе маман сертификатын, жабдықтар туралы мәліметті және ғимарат фотосуреттерін тіркеуді талап етеді. Станцияның түріне (мобильді немесе стационарлы) байланысты қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін.

Өтініш қаралу мерзімі – 8 жұмыс күні, одан кейін дайын рұқсат қолданушының жеке кабинетінде пайда болады.

Жаңа қызмет Көлік министрлігі, Мемлекеттік қызметтер комитеті (МЦРИАП) және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен күш-жігерімен енгізілді.