4 қыркүйек күні Kcell және Activ операторларының кейбір абоненттері интернетке қосылуда қиындықтарға кезікті. Пайдаланушылар мессенджерлер мен қосымшалардың істен шығуына шағымданды, ал әлеуметтік желілерде байланыс жоқтығы туралы
Астана тұрғындары бірнеше сағат бойы мобильді интернетті пайдалана алмағанын айтып, кейбірі сигналдың толық жоқ екенін жеткізді.
Компанияның баспасөз қызметі техникалық ақаулардың болғанын растады. Хабарламасында деректерді беру кезінде қысқа мерзімді үзіліс болғаны, ал сағат 16:15-те желі толық қалпына келгені хабарланды. Оператор абоненттерге қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар ақаулардың екі сағаттан астам уақытқа созылып, тек жеке клиенттерді емес, тұрақты интернетке мұқтаж бизнес өкілдерін де қамтығанын жазған.
Компания мамандары ақауларды жедел түзеткенін және желінің тұрақтылығын қадағалауды жалғастырып жатқандарын хабарлады.