«Ростех» мемлекеттік корпорациясына қарасты «Росэл» холдингі жоғары өнімді есептеу кешендерін өндіруді қолға алды. Жаңа жабдықтар қуатты нейрондық желілерді басқару мен оқытуды қамтамасыз етеді. Жабдық арнайы архитектура негізінде құрастырылып, толықтай жинақталып орнатылады. Росэлдің» шешімі энергияны үнемдеуге, мәліметтер орталықтарының жылуын азайтуға, олардың көлемін кішірейтуге және импорттық шешімдерді алмастыруға мүмкіндік береді.
Жабдықты салқындату «диэлектр» атты арнаулы сұйықтық арқылы жүзеге асады. Бұл зат жылуды тиімді өткізсе де, электроникаға әсер етпейді. Диэлектр кешенді толық қамтитыны үшін компоненттер тығыз орналаса алады. Нәтижесінде нейрондық желілер үшін ықшам мәліметтер орталықтарын құруға мүмкіндік туады, олардың аумағы қазіргі орталықтардан 3–5 есе аз болады.
Қазіргі диэлектрлік сұйықтар улы емес, жанғыш қасиетке ие емес және табиғи жолмен ыдырайды, яғни дәстүрлі фреоннан әлдеқайда экологиялық таза. «Росэлде» жасалған салқындату жүйесінде компанияның өз диэлектрі қолданылады, ол барлық қажетті техникалық сипаттамаларға сай келеді.
«Сұйықтық арқылы салқындату – тек жаңалық қана емес, стратегиялық маңызды технология. Оның енгізілуі Ресейдің жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулер саласындағы халықаралық орнын нығайтып, индустрияның көміртек ізін азайтады. Алдағы жылдары бұл жүйе машиналық оқыту орталықтары, суперкомпьютерлер мен супермәліметтер орталықтары үшін жаңа стандартқа айналуы мүмкін. Ресей бұл технологияны дамытатын аз елдердің бірі, негізгі бәсекелестері – АҚШ пен Қытай. Отандық шешімдер шетелдік технологияларға тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады «Росэлде».
Салқындату технологиясының тағы бір артықшылығы – жабдықтың тыныштығы мен ұзақ қызмет ету мерзімі. Герметикалық орта аппаратты шаңнан, коррозиядан және температура ауытқуларынан қорғайды, компоненттердің қызмет мерзімін ұзартады. Сонымен қатар, процессорларды, соның ішінде графикалық құрылғыларды, қызып кетуден сақтап, такт жиілігін автоматты түрде төмендетпей, жоғары жылдамдықпен пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жасанды интеллектінің дамуын жеделдетіп, нейрондық желілерді оқытуды тиімді етеді.
Сұйық салқындату технологиясы дәстүрлі ауа жүйелерімен салыстырғанда әлдеқайда тиімді, себебі қазіргі нейрондық желілер мен суперкомпьютерлерде қолданылатын қуатты процессорлар мен видеокарталарды салқындатуға қабілетті. Сонымен қатар, бұл жүйе энергияны 30–50% аз тұтынады.