Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда тұрғылықты жерге тіркеу толық онлайн форматқа көшеді

Қазақстанда тұрғылықты жерге тіркеу толық онлайн форматқа көшеді

10

Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігі азаматтардың тұрғылықты жерге тіркеу қызметін электронды түрде алу мүмкіндігін қарастыратын пилоттық жобаны әзірледі. Құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тұрғылықты жерге тіркеу мен уақытша тұру орнындағы тіркеу рәсімін толықтай онлайн форматқа көшіру. Бұл пилоттық жоба 2026 жылғы 30 маусымға дейін іске асырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны алу да толық онлайн режимге көшті. Енді оны алу үшін азаматтар қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы бес рет онлайн биометриялық тексеруден өтуі тиіс.Егер интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаса, биометрияны ЦОН-дағы өздігінен қызмет көрсету аймақтарында да өтуге болады.

Ортақ бұйрық мемлекеттік қызмет көрсету процесін үздіксіз жетілдіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылғы 30 маусымға дейін. Ал жобаны талқылау 2025 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады. Өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды «Ашық НҚА» порталы арқылы қалдыруға болады.