Home Робот пен дрондар,ЖИ Tesla Dojo суперкомпьютерінен бас тартты

Tesla Dojo суперкомпьютерінен бас тартты

28

Tesla компаниясы автопилот жүйесін жетілдіруге арналған Dojo суперкомпьютерін дамыту жобасын тоқтатты. Bloomberg дерегінше, жобаның жетекшісі Питер Бэннонмен бірге кемінде жиырмадан аса инженер қызметінен кеткен. Қалған мамандар компанияның өзге бөлімдеріне бөлінді.

Dojo бастапқыда Tesla көліктерінен түсетін бейнематериалдар мен ауқымды деректерді жедел өңдеуге, сол арқылы жасанды интеллект алгоритмдерін жылдам үйретуге бағытталған еді.

Алайда компания енді жеке суперкомпьютер құрудан гөрі, Nvidia, AMD және Samsung Electronics секілді серіктестердің дайын шешімдерін пайдалануды жөн көріп отыр. Tesla бұл қадам автопилот жүйесін дамыту қарқынын арттырады деп есептейді.

Осы арада нарық назарын Илон Масктың тағы бір бастамасы – xAI компаниясы өзіне аударды. Жоба аясында 12 миллиард доллар инвестиция тартылып, GB200 жеделдеткіштері негізінде Colossus 2 суперкомпьютері салынбақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл деректер орталығы жасанды интеллект жарысында xAI-ды OpenAI, Google және DeepSeek сынды алыптармен бәсекеге шығарады.