Еуропаның әр елінен 10 мыңнан астам қонақүй Booking.com сервисіне қарсы ұжымдық талап арыз берді. Олар компанияны бәсекелестікке қарсы заңнаманы бұзды деп айыптап отыр. Іс 2004 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және Нидерланд сотында қаралуда. Бұл елде Booking.com-ның бас кеңсесі орналасқан.
Талап арызға негіз болған – Еуропа сотының шешімі. Онда платформаның «ең тиімді баға» саясаты заңсыз деп танылды. Бұл шарт қонақүйлерге басқа платформаларда немесе өз сайттарында тиімдірек баға ұсынуға тыйым салған. Қонақүй иелері мұндай талаптар бәсекені шектеп, клиенттерді тікелей тартуға кедергі келтіргенін айтады.
Істі Hotel Claims Alliance коалициясы бастап отыр. Оған Германияның IHA ұйымы, Италияның Federalberghi және Еуропаның Hotrec бірлестігі сынды 30-дан астам ұлттық ассоциация қолдау көрсеткен. Hotrec президенті Александр Василикос қонақүй иелері ұзақ жылдар бойы мәжбүрлі шарттар мен артық шығындарға тап болғанын айтты.
Сынға қарамастан, Booking.com әлі де нарықтағы көшбасшы. Hotrec пен Валез қолданбалы ғылымдар университетінің зерттеуіне сәйкес, 2023 жылы Еуропадағы онлайн-қонақүйге тапсырыстардың 71 пайызы осы жүйеге тиесілі болған. Ұжымдық талап арызға қосылуға өтінім қабылдау 29 тамызға дейін жалғасады. Ұжымдық талап арызға қосылуға өтінім қабылдау 29 тамызға дейін жалғасады.