Home Электроника Деректерді сақтау және жинақтау HPE ALLETRA 9000 – бұлттық деректерді сақтау мен басқарудың мінсіз шешімі

HPE ALLETRA 9000 – бұлттық деректерді сақтау мен басқарудың мінсіз шешімі

7

Деректерді сақтаудағы басты қиындықтардың бірі – ІТ-мамандардың уақытын көбірек алатын әкімшілендіру, сондай-ақ инфрақұрылымды баптау мен тұрақты қолдау жұмыстары. Мұндай қиындықтарды шешу үшін деректерді жеке-жеке емес, біртұтас әрі ыңғайлы жүйе арқылы қашықтықтан сақтап, әр қосымшаға қажетті мүмкіндіктерді оңай бейімдеу қажет.

Осы орайда ең тиімді шешімдердің бірі – HPE Alletra деректерді сақтау мен басқару жүйесі. Ол қай жерде орналасқанына қарамастан, деректерге толыққанды бұлттық тәжірибені ұсынуға мүмкіндік береді.

HPE Alletra 9000 – аса маңызды міндеттерді шешуге арналған жүйе. Ол ерекше сенімділік пен деректерді өңдеуде ең төменгі кідірісті қамтамасыз етеді. Бұл шешімнің арқасында ІТ-мамандар инфрақұрылымды тұрақты қадағалау мен техникалық қызмет көрсетуден босап, оны тек сұранысқа сәйкес қызмет ретінде қолдана алады.

HPE ALLETRA 9000 – бұлттық деректерді сақтау мен басқарудың мінсіз шешімі

HPE Alletra 9000 – бір мезетте бірнеше үдерісті атқарып, әрдайым белсенді жұмыс істейтін ерекше платформаға негізделген жүйе. Ол дәстүрлі қосымшалар мен жаңа буын бағдарламаларын бір ортада тоғыстырып, жоғары өнімділік пен жылдамдықты қамтамасыз етеді. Бұған қоса, жүйе 100 пайыздық қолжетімділікке кепілдік береді. Деректер қай жерде тұрса да, барлығы біртұтас орталық консоль арқылы басқарылады.

Жүйенің жұмысы жасанды интеллектінің көмегімен басқарылады. Соның арқасында жұмыс барысындағы кідірістер мен үзілістерді алдын ала болжап, дер кезінде болдырмауға болады. Бұл жүйе қолданушыларға 1,5 миллион сағатқа дейін уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді

Автоматтандырылған қолдау тетіктері ресурстарға тікелей жол ашып, артық рәсімдерге жол бермейді. Сондай-ақ жүйе сақтау құрылғылары мен виртуалды машиналар арасындағы ақауларды немесе виртуалды ресурстардың толық пайдаланылмауын оңай анықтайды.

Уақытпен бірге технология да дамып келеді. Енді деректер инфрақұрылымын жасанды интеллект ұсынымдары негізінде басқарудың кезеңі туды. Мұндай тәсіл ресурстарды тиімді жоспарлауға, оларды ұтымды пайдалануға және жалпы өнімділік пен қолжетімділікті арттыруға жол ашады.

HPE ALLETRA 9000 – бұлттық деректерді сақтау мен басқарудың мінсіз шешімі

Бұлттық шешімдерге арнайы жасалған

HPE Alletra 9000-ды орнату бар болғаны бірнеше минутты алады. Себебі жүйе автоматты түрде анықталып, бапталып, жұмысқа дайындалады. Жұмыс жүктемелерін бөлу жасанды интеллектінің көмегімен іске асады. Бұл қызмет көрсету деңгейін жеделдетіп, бұрынғыдай күрделі LUN-ға негізделген тәсілден бас тартуға жағдай жасайды.

Жаңартулар кезінде жаңа мүмкіндіктер мен жетілдірулер қосылып отырады. Ең маңыздысы – инновацияларды пайдалану үшін жұмысты тоқтатудың қажеті жоқ.

HPE ALLETRA 9000 – бұлттық деректерді сақтау мен басқарудың мінсіз шешімі

Басқару процесі де жеңілдетіліп, кез келген ыңғайлы жерден, қызмет ретінде ұсынылатын бағдарламалық интерфейс арқылы жүзеге асады.

HPE Greenlake компанияларға деректер инфрақұрылымын иелену мен қолдаудан бас тартып, оны қарапайым әрі қажет болғанда қызмет ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл капиталық шығындарды азайтып, тек қолданылған көлемге сәйкес жазылым арқылы төлеуге жол ашады. Соның арқасында қаржылық икемділік артып, қаржы ағымдары босатылады.

HPE Alletra 9000 – жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, деректерді таратып сақтауды қажет ететін әрі цифрлық өзгерістерді жеделдетуге ұмтылған компаниялар үшін бірегей платформа. Ол деректер қай жерде орналасса да, жылдам қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бизнес үшін сенімді шешім бола алады.