Алматыда Апелляциялық сот «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясына (Altel және Tele2 брендтері) қатысты SMS-хабарламалар тарифтері мәселесі бойынша жүргізілген антимонопольдік тергеуді тоқтатты. Бұл туралы Mobilaser өз дерегін Kursiv Media сайтына сүйене отырып хабарлады. Ақпарат сот материалдарында жарияланған.
Тергеудің тоқтатылуы Қазақстан мен Қатар арасындағы халықаралық келісімге негізделген. Келісімге сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдар «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының коммерциялық қызметіне араласа алмайды және тарифтерге шектеу қою немесе байланыс сапасына талап қоюға әкелетін тексерулерді бастай алмайды.
Бұған дейін Алматыдағы арнайы ауданаралық сот 2023 жылдың соңында компанияның өтінішін ішінара қанағаттандырған, ал 2024 жылдың мамырында апелляциялық инстанция бұл шешімді өзгеріссіз қалдырған еді. Алайда, Жоғарғы сот апелляциялық актіні толық қаралмаған деп тауып, істі жаңа құрамдағы сотқа қайта қарауға жіберген.
Қазақстан мен Қатар арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік туралы келісім 2024 жылғы 20 наурызда қол қойылып, 30 қазанда ратификацияланған. Келісім бойынша, катарлық Power International Holding «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының 100% акциясын сатып алады, ал Қазақстан 2026 жылдың соңына дейін компанияның қызметіне араласпай, антимонопольдік тексерулер жүргізбейді.
Ұқсас себеппен МТС операторына қатысты АЗРК жүргізген тарифтерді арттыру бойынша тергеу де тоқтатылған. 2025 жылдың қаңтарында Power International Holding «Қазақтелекомнан» операторды 1,1 млрд долларға сатып алу келісімін аяқтаған.