Home Электроника Аксессуарлар Skincase: смартфон мен күн сәулесі арасындағы ерекше байланыс

Skincase: смартфон мен күн сәулесі арасындағы ерекше байланыс

15

Дизайнерлер күн сәулесіне сезімтал, адам терісін дәл имитациялайтын ерекше смартфон қаптамасын жасады. Skincase деп аталатын бұл аксессуар тек сыртқы пішіні мен қолға тигендегі сезімін ғана емес, ультракүлгін сәулеге берген реакциясын да шынайы тері сияқты көрсетеді. Күн сәулесі түскенде «жасанды тері» күйіп, шын терідей өзгеріске ұшырайды.

Бұл ерекше чехол қолданушыға күннен қорғанудың маңызын көрнекі түрде ескертеді. Телефондағы «тері» күн сәулесінен бүлінгенін көрген адам өз терісін қорғау қажеттігін нақты сезінеді..

Жобаның авторы Марк Тессье – креативті шешімдерімен танымал дизайнер. Бұл өнімді ол Ұлыбританияның Тері зерттеу қоры және O2 компаниясымен бірлесіп әзірлеген.

«Біз телефондарымыздың тірі ағза секілді әрекет етуін күтпейміз. Skincase ультракүлгін сәулеге көзге көрінетін реакция көрсетіп, күннен қорғану мәселесін нақты еске салады»,- деп Тессье атап өтті.

Идея оғаш көрінгенімен, мәселе өзекті. Күн белсенділігінің артуына қарамастан, көпшілік әлі күнге дейін күннен қорғану құралдарын тұрақты қолданбайды. Статистика бойынша, ерлердің тек 12%-ы, ал әйелдердің 29%-ы күннен қорғайтын кремді жүйелі пайдаланады. Ал жастардың 14%-ы кремнің зияны күн сәулесінен артық деп санайды.

Skincase – гаджетке тәуелділікті денсаулықты қорғау үшін пайдалану тәсілі. Телефонның өзі «күннен қорған» деп тұрғанын елемеу қиын.