Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді жеңілдету мақсатында жаңа пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қазіргі таңда бұл қызмет азаматтарға алдын ала жазылусыз, тек кезек тәртібімен көрсетіледі. Жаңа жүйе кезекке тұру үдерісін реттеп, артық әуре-сарсаңнан арылуға, қолжетімділікті арттыруға және қызмет көрсету барысын ашық етуге мүмкіндік береді.
Электронды кезек арқылы қызмет алушылар өз уақытын жоспарлап, белгіленген мерзімде келіп, ұзақ күту қажеттілігінен құтылады. Бұл әсіресе облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Себебі кей аудандардан орталыққа дейінгі жол 400 шақырымнан асады, ал қоғамдық көлік қатынасы шектеулі.
Жоба биылғы жылдың соңына дейін сынақ ретінде жүзеге асады. Егер тиімділігі дәлелденсе, электронды кезек жүйесі еліміздің барлық аймағында енгізілмек.
Қоғамдық талқылауға арналған бірлескен бұйрық жобасы 2025 жылғы 31 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.