Home Кәсіби маман «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясында басшылық ауысты

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясында басшылық ауысты

12

Миллиондаған азаматтың жеке дерегі тарағаннан кейін елдегі ірі цифрлық құрылымдардың бірінде кадрлық орын алды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Даулет Бекманов тағайындалды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ол – бұл саланың қыр-сырын жақсы білетін, жүйенің ішкі жұмысымен таныс тәжірибелі маман. 2018–2020 жылдары «ҰАТ» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Кейін Мемлекеттік қызметтер комитетін басқарып, электронды үкімет, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру процесіне жетекшілік еткен.

Бұл тағайындау, көпшілік пікірінше, ел азаматтарының цифрлық инфрақұрылымға деген сенімін қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам.

Бұған дейін интернетте қазақстандықтардың ЖСН, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс нөмірлері жазылған база тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатарға шыққан сәтте, «ҰАТ» жұмысына қатысты сын күшейіп, мемлекеттік жүйелерге деген сенімге селкеу түсті.

Сарапшылар Бекмановтың басқармаға келуін ахуалды тұрақтандыру, деректер қауіпсіздігін күшейту және мемлекеттік жүйелерге деген сенімді қалпына келтіру әрекеті деп бағалап отыр.