Еуропалық комиссия жеке деректерді қорғау тәсілін түбегейлі өзгертетін заң жобасын дайындауда. Құжатқа сәйкес, байланыс операторлары мен онлайн платформалар қолданушылар туралы ақпаратты ұзақ уақыт бойы сақтауға міндеттеледі. Мұндай шара болашақта болуы мүмкін қылмыстық тергеулерге қажет.
Baltnews мәліметінше, заң жобасына қоса берілген түсіндірмеде Еурокомиссия бұл бастама адамның жеке өміріне қол сұқпау сияқты іргелі құқықтарға қайшы келетінін ашық мойындап отыр.
Сауалнамалар нәтижесі де халықтың бұл бастаманы қоғамды толық бақылауға бағытталған қадам деп қабылдағанын көрсетті.
«Террористік шабуылдардан кейін қылмыскердің бұрыннан-ақ полиция назарына іліккені, бақылауда болғаны анықталады. Алайда, жиналған деректердің ешқайсысы қылмыстың алдын алуға жеткілікті болмағаны өкінішті»,-дейді Германия тұрғыны сауалнама барысында.