Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

9

Жазғы аптапта жайлы жұмыс істеу – қолыңыздағы құрылғыға байланысты. Ыңғайлы әрі қуатты ноутбук болса, жұмысыңызды кез келген жерде отырып -ақ атқаруға болады. Бүгін біз қашықтан жұмыс істейтіндер мен шығармашылықпен айналысатын мамандарға лайық заманауи ноутбук жайлы сөз қозғаймыз. Бұл құрылғы — видеомонтаж, фотосурет және графикамен кәсіби түрде айналысатындар үшін сенімді серік.

Сонымен, ASUS ұсынған ProArt P16 – қозғалысы шектеусіз, идеясы тоқтамайтын креатив жандарға арналған ноутбук.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Қара қорапты ашқан сәтте-ақ оның ерекше құрылғы екенін аңғарасыз. ProArt атауының өзі-ақ оның шығармашылыққа, визуалды жоба жасауға арналғанын айқындайды.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Ноутбук жеңіл әрі ықшам. Салмағы небәрі 1,85 келі. Ал көлемі – 355х247х14,9–17,3 мм, яғни сөмкеге салып, өзіңізбен бірге алып жүруге өте ыңғайлы.

Алюминий қоспасынан жасалған корпусы арнайы күңгірт нано-қаптамамен қапталған. Мұндай жабын саусақ іздерін байқатпайды, шаң жабыспайды. Ең бастысы – ноутбук қолыңыздан сусып кетпейді, сондықтан оны сенімді ұстауға болады.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Күңгірт қара түсті корпустың жалғыз сәндік элементі – ProArt жазуы. Артық ештеңесі жоқ, талғаммен жасалған бұл дизайн – сапалы әрі қымбат техникаларға ғана тән классикалық үлгінің жарқын мысалы.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Құрылғының астыңғы бөлігіне көз салсақ, корпустың шамамен үштен екі бөлігін желдеткіш саңылаулар алып жатыр. Осы жерден салқын ауа ішке тартылып, келесі шетіндегі ойықтар арқылы ыстық ауа сыртқа шығарылады. Сол маңда жарықдиодты индикаторлар да орналасқан.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Құрылғының алдыңғы оң және сол қапталында дыбыс шығаратын торлар орналасқан. Дәл осы торлардың астында дыбыс тарататын динамиктер орналасқан.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Мұндай құрылғыларда порттардың саны мен ыңғайлылығы аса маңызды. Бұл жағынан да ProArt көңілден шығады.

Құрылғының сол жақ қырында қуат көзіне арналған ұяшық пен оның артынан келесі порттар орналасқан: HDMI 2.1 FRL, USB 4 Gen3 Type-C (40 Гбит/с, бейнеберілім және Power Delivery арқылы қуаттау мүмкіндігі бар), USB 3.2 Gen2 Type-C (10 Гбит/с, сондай-ақ бейне және қуат беру мүмкіндігі бар) және гарнитура қосуға арналған аудиожиек.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Оң жақ қапталда SD Express 7.0 стандартына сай картаны оқитын кардридер орналасқан. Бұл фотокамерадан контентті жедел көшіруге таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ мұнда USB 3.2 Gen2 Type-А және USB 3.2 Gen2 Type-C порттары бар.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Құрылғыдағы порттар саны фотоаппарат, сыртқы монитор және басқа да құрылғыларды қосуға жеткілікті. Әсіресе SD-кардридердің барын фотографтар мен видеоинженерлер жоғары бағалайтыны анық.

Пернетақта

Мембраналық пернетақта — жұмыста өте жайлы. Пернелердің жүру қадамы – 1,7 мм, басқанда қатты дыбыс шығармайды. Артқы жарығы бар, жарық деңгейін үш түрлі режимде реттеуге болады немесе мүлде сөндіруге мүмкіндік бар.

Бастапқыда үйренуді қажет ететін ұсақ-түйек ерекшеліктер де бар. Мысалы, Enter пернесі шағындау, сондай-ақ бағыт көрсеткіш (жебе) пернелері де кішірейтілген. Сонымен қатар Copilot цифрлық көмекшісіне арналған жеке перне де көзге түседі. Ол күнделікті жұмысты жеңілдетуге арналған.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Ноутбук пернетақтасында сандық блоктың болмауы – күтпеген ерекшелік. Әдетте ол пернетақтаның оң жағында орналасып, сандар мен арифметикалық амалдар үшін бөлек аймақ ретінде қолданылады. Мұндай блоктың жоқтығы кей пайдаланушыларға біраз тосын көрінуі мүмкін.

Тағы бір өзгешелік – пернетақтада латын әріптерінің жарығы кириллицаға қарағанда айқын көрінеді. Мұның себебі – латын әріптерінің көлемі біршама ірілеу болуы мүмкін.

Пернетақта арқылы фирмалық ProArt Creator Hub қосымшасында салқындатқыш желдеткіштердің жылдамдығын, қуат режимдерін және өзге де параметрлерді басқаруға болады.

Тачпадқа келсек, ProArt P16 моделіндегі сенсорлы тақта әдеттегіден әлдеқайда үлкен. Көлемі: 15×9,8 см. Мұндай кеңістікпен жұмыс істеу өте қолайлы: меңзер дәл әрі еркін қозғалады. Әсіресе ұсақ элементтермен жұмыс істегенде бұл айырмашылық анық білінеді.

Тачпадтың сол жақ жоғарғы бұрышында орнатылған DialPad – кәсіби мамандар үшін таптырмас құрал. Бұл сенсорлы дөңгелек Adobe Photoshop, Premiere Pro, After Effects сынды қолданбаларда жарықтықты реттеу, дыбыс деңгейін өзгерту, кескінді үлкейтіп-кішірейту секілді көптеген процестерді әлдеқайда жеңіл әрі жедел басқаруға мүмкіндік береді.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Ең қызығы – бұл басқару дөңгелегі тачпадтың үстінде орналасқанына қарамастан, жұмысыңызға еш кедергі келтірмейді. Барлығы үйлесімді орналасқан.

Әрине, бұл құралды толық меңгеру үшін біраз уақыт қажет болады.

Пернетақтаның үстіңгі бөлігінде қуат батырмасы орналасқан. Ол жалпы пернелерден пішінімен де, орналасуымен де ерекшеленеді. Айталық, корпустың деңгейінде тұрады және пішіні де бөлек, сондықтан оны байқамай басып қалу мүмкін емес.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Қақпақ бір қолмен-ақ жеңіл ашылады. Экран 140 градусқа дейін еңкейіп, ыңғайлы көру бұрышын қамтамасыз етеді.

Экран

ProArt P16 ноутбугінің экраны бірден көз тартады – ықшам, жіңішке, сыртқы пішіні де ерекше сәнді. Мұнда 16 дюймдік ASUS Lumina OLED дисплейі қолданылған. Ажыратымдылығы – 3840×2400 пиксель. 60 Гц жиілікпен жұмыс істейтін бұл экран – нағыз 4K сапасын ұсынады. Ең жоғарғы жарықтығы 500 кд/м²-ге жетсе, контраст деңгейі – 1 000 000:1. Ал жауап беру уақыты – бар болғаны 0,2 миллисекунд. Мұндай көрсеткіштер кескіннің анық әрі біркелкі шығуына мүмкіндік береді.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Экран сенсорлы. Арнайы қорғаныс қабатының арқасында саусақ ізі көп байқалмайды. Ал тазалау үшін бетін жай ғана сүртіп жіберу жеткілікті.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

ASUS Lumina OLED дисплейі – тек әдемі ғана емес, нағыз кәсіби деңгейдегі экран. Онда түстер айрықша дәлдікпен беріліп, бай реңктер табиғи бояуына барынша жақын көрінеді. Бұл – кинематографиялық түстік қамту аясын қолдайтын интеллектуалды баптау жүйесінің нәтижесі. Айта кетерлігі – қара түс бұл экранда шынымен де терең, көмескісіз көрінеді. Мұндай экран сапасын, әсіресе фотосурет өңдеумен айналысатын мамандар жоғары бағалайтыны сөзсіз. Ал жалпы мультимедиялық контент мұнда ерекше әсермен көрінеді – бейне мен суреттер көздің жауын алады.

Айта кететін тағы бір артықшылығы – экран Corning Gorilla Glass NBT шынымен қапталған. Бұл шынының беріктігі кәдімгі әйнекпен салыстырғанда алты есе жоғары. Сондықтан ноутбукты кеңседе де, үйде де, жол үстінде де еркін әрі алаңсыз қолдануға болады.

ASUS компаниясы көздің саулығын да назардан тыс қалдырмаған. Lumina OLED дисплейі TUV Rheinland Low Blue Light және SGS сертификаттарына ие. Бұл экран көзге зиянды көк жарықты 70 пайызға дейін аз шығарады деген сөз. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде бұл артықшылықты бірден байқауға болады.

Экранның жоғарғы бөлігінің дәл ортасына 1080Р сапалы шағын веб-камера орнатылған. Камераның екі жағына қарай жарықдиод пен микрофон тесіктерін көруге болады. Мұның бәрі – сапалы онлайн байланыс үшін жасалған ұтымды шешімдер.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Енді ноутбуктың басты ерекшелігіне көшейік. Ішкі техникалық мүмкіндіктері қандай?

ProArt P16 қуатты AMD Ryzen™ AI 9 HX 370 процессорымен жабдықталған. Бұл – Zen 5 архитектурасына негізделген, 12 ядролы заманауи чип. Қазіргі таңда ноутбуктерге орнатылатын ең жылдам әрі өнімді процессорлардың бірі.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Жаңа буындағы ProArt P16 ноутбугінің өнімділігін арттыруға арнайы жасалған XDNA 2 нейропроцессоры жауап береді. Ол AMD XDNA архитектурасына негізделген және жасанды интеллектке қатысты есептерді әлдеқайда жылдам орындайды – секундына 50 триллион операцияға дейін жетеді. Бұл – тек сандар ғана емес, бұл ноутбук күрделі AI-есептерді оңай әрі тез орындайды деген сөз. AMD Ryzen AI процессорымен жарақталған құрылғылар үшін осындай нейроблок — негізгі артықшылық.

Салқындатқыш жүйе – сенімді жұмыс кепілі

Мұндай қуатты құрылғы үшін жылуды тиімді тарату – басты шарт. Осы себепті ноутбукта геймерлік модельдерге тән озық салқындату жүйесі қолданылған. Мысалы, ROG желісіндегі ноутбуктерде пайдаланылатын технологияның дәл өзі: әдеттегі термопастаның орнына жылуды жақсы өткізетін сұйық металл – Thermal Grizzly қолданылады.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Жылуды тиімді таратуға үш бірдей желдеткіш көмектеседі. Соның арқасында құрылғы қызып кетпейді, тіпті ұзақ жұмыс істегеннің өзінде. Айта кету керек, салқындатқыштар өте қатты шуды да шығармайды – жұмыс үні естіледі, бірақ ол кедергі келтірмейді.

Ал жеңіл тапсырмалар орындалатын кезде, ноутбукты дыбыссыз режимге ауыстыруға болады. Бұл кезде құрылғы мүлде үнсіз жұмыс істейді.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Құрылғыда жылу бөлу деңгейі 125 Вт-қа дейін жетеді. Бірақ бұл оның жұмысына кедергі келтірмейді. Себебі салқындатқыш жүйе дәл осы жүктемемен оңай күресе алады. Бұл – тұрақты және ұзақ жұмыс істеу үшін маңызды артықшылық.

Видеокарта

ProArt P16 моделінің қуатты тұстарының бірі – орнатылған видеокарта. Бұл құрылғы NVIDIA Studio стандартына сай жасалған, ал мұндай платформалар – кәсіби графикамен жұмыс істейтіндерге арналған. Ноутбукке орнатылған GeForce RTX 50 қатарына жататын бейнежеделдеткіш күрделі графикалық жұмыстарды жеңіл атқарады. Жасанды интеллектінің көмегімен суреттердің беткі бедерін анық етіп, жарық пен көлеңкенің берілуін өзгертіп, тіпті мүлде жаңа бейнелер жасауға болады.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Айта кету керек, мұндай қуатты техниканы тек жұмысқа емес, демалысқа да пайдалана аласыз. ProArt P16 жоғары графикалық баптауларды қажет ететін ойындарды да еш қиындықсыз іске қосады.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Жады

Жедел жады

Бұл құрылғыда 64 ГБ LPDDR5x жедел жады орнатылған. Ол екі арналы режимде жұмыс істейді. Бұл деректердің өңделу жылдамдығын айтарлықтай арттырады. Жад аналық тақшаға тікелей орнатылған, яғни жүйенің жылдамдығы жоғары.

Мұндай жад көлемі әсіресе жадты белсенді қолданатын тапсырмалар үшін пайдалы – мысалы, бейне немесе аудио монтаж, ойындар, ауыр бағдарламалармен жұмыс.

Жинақтауыштар

ProArt P16 ноутбугы жылдамдығы жоғары 2 терабайттық SSD PCIe 4.0 жинақтауышымен жабдықталған. Бұл құрылғы жүйенің тез жүктелуіне және файлдарға лезде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оның үстіне, құрылғыда қосымша M.2 слоты бар. Яғни, қажет болса, екінші SSD орнату арқылы сақтау көлемін ұлғайтуға болады.

Сынақ нәтижелері мен тест суреттерін осы жерден көруге болады:

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Аккумулятор

Бұл жолы құрылғы қуат көзінен де қуанта білді. Ноутбук 90 ватт-сағаттық, төрт бөліктен тұратын литий-полимерлі аккумулятормен жабдықталған. Салмағы – 473 грамм, бірақ бұл көрсеткіш оның қуаттылығына тұрарлық.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Ең әсерлісі – құрылғының бір реттік қуатымен қанша уақыт жұмыс істеуге болатыны. Егер тек мәтінмен айналысып, интернет беттерін шолумен шектелсеңіз, ноутбук 10–11 сағат бойы үздіксіз қызмет ете алады. Ал бейне көру секілді қуатты көбірек қажет ететін әрекеттерде де батарея 9 сағатқа дейін шыдайды. Бұл – жол үстінде жұмыс істейтіндер үшін үлкен артықшылық.

Қорап ішінде қуаттау блогы (200 Вт) және екі түрлі сым бірге беріледі: бірі ноутбукке тікелей жалғанады, екіншісі – тоқ көзіне қосылатын, алынбалы кабель. Ең бастысы – сымдары ұзын, бұл қозғалыс еркіндігін шектемейді, қолданушыға қолайлы жағдай жасайды.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Қорап ішінде қуаттау блогы (200 Вт) және екі түрлі сым бірге беріледі: бірі ноутбукке тікелей жалғанады, екіншісі – тоқ көзіне қосылатын, алынбалы кабель. Ең бастысы – сымдары ұзын, бұл қозғалыс еркіндігін шектемейді, қолданушыға қолайлы жағдай жасайды.

Ноутбукты толық қуатқа толтыру үшін көп уақыт қажет емес. Бар-жоғы 30 минутта құрылғыны жартылай қуаттауға болады. Ал толық қуатпен жұмысқа дайын болуы үшін небәрі 1 сағат 55 минут жетіп жатыр.

Жасанды зерде – ертеңгі күннің кепілі

Бүгінгі таңда жасанды зердені пайдаланбай іс бітіру қиын. ProArt P16 – Copilot санатындағы ең зерек құрылғылардың бірі. ASUS ұсынған бағдарламалар мен жаңашыл шешімдер шығармашылық пен кәсіби бағыттағы міндеттерді жеңілдетіп, жасанды зердені күнделікті жұмыста тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

ProArt Creator Hub арқылы жұмыс барысын өзіңізге бейімдеп, желдеткіштің жұмысын, экранның түс беру сапасын және өзге де параметрлерді қалауынша реттеуге болады.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік
ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

Не жетіспейді және не қосылғанын қалар едік?

Порттарының саны жеткілікті болғанымен, жеке микрофон ұясы мен екінші USB 4 порты қосылса, артық етпес еді.

Сондай-ақ пернетақтада сандық блоктың жоқтығы байқалады. Ол әсіресе сандармен жиі жұмыс істейтіндер үшін өте маңызды.

Оған қоса, навигациялық пернелердің әдеттегі қалыпта орналасқаны ыңғайлырақ болар еді.

Әрине, бұл – менің жеке пікірім ғана…

Қорытындылайық:

ASUS ProArt P16 – жеңіл, ықшам, жылдам әрі Copilot+ PC санатындағы ең зерек құрылғылардың бірі.

Оған қоса, құрылғының әскери стандарттарға сай берік корпусы мен кез келген жерде еркін пайдалануға болатын мүмкіндігі – нағыз кәсіби ноутбукке қойылатын басты талаптарға толық жауап береді.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік

ASUS ProArt P16 – жол үстінде де, кеңседе де, үйде не тыныш кофеханада жұмыс істеуге таптырмас серік. Қай жерде болмасын, ойыңызды бөліп-жармай, жұмысыңызды жалғастыра бересіз.

Заманауи бағдарламалар мен түрлі қосымшалармен жабдықталған бұл құрылғы шығармашылықпен айналысатындар үшін де, жеке кәсібін жүргізетіндер үшін де тиімді шешім бола алады. Бос уақытында ойын ойнауды ұнататындар үшін де қуатты серіктес.

Қысқасы, бұл құрылғының қолынан көп нәрсе келеді: таңғаларлық жобалар дайындау, жасанды зердені пайдалану, тың идеяларды жүзеге асыру – бәрі бір ноутбукпен мүмкін.ASUS ProArt P16 – шығармашылық көкжиекті кеңейтуге арналған мықты құрал.

ASUS ProArt P16 – шығармашылықпен айналысатын кәсіпқойларға арналған сенімді серік