Home Технологиялар VR мен AR Бейнебақылау ма, бейнеқауіп пе? Желіде ашық тұрған мыңдаған камера анықталды

Бейнебақылау ма, бейнеқауіп пе? Желіде ашық тұрған мыңдаған камера анықталды

6

Киберқауіпсіздікпен айналысатын Bitsight компаниясы әлем бойынша 40 мыңнан астам бақылау камерасына еш кедергісіз қол жеткізуге болатынын анықтады. Бұл құрылғылар — көбіне үйге орнатылған бейнебақылау жүйелері. Оларға қосылу үшін тіпті құпиясөз де қажет емес.

Мамандар бұл мәселеге алғаш рет 2023 жылы назар аударған. Алайда содан бері айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Ашық күйде тұрған камералар белгілі бір елмен немесе саламен шектелмейді. Мұндай құрылғылар АҚШ, Жапония, Австрия, Чехия мен Оңтүстік Корея секілді түрлі мемлекеттерде жиі кездеседі.

Кейбір камералар қоғамдық орындарда орнатылып, әдейі ашық күйде жұмыс істейді. Алайда едәуір бөлігі — жеке үйлер мен кеңселердегі бейнебақылау жүйелері, яғни бөгде адамдардың бақылауына түспеуі тиіс құрылғылар.

Камераңыздың қауіпсіздігіне көз жеткізудің ең қарапайым жолы — оған мықты құпиясөз орнату.