HiDock компаниясы ұсынған P1 құрылғысы – жасанды интеллектпен жұмыс істейтін жаңа буын қалта диктофоны. Ол Bluetooth арқылы құлаққапқа қосылып, жоғары сапада дыбыс жазады. Ең басты ерекшелігі – жазбаны тек динамик арқылы емес, тікелей құлаққаптың дыбысынан алуында. Бұл әсіресе қоғамдық орындарда немесе жол үстінде келіссөз жүргізетіндер үшін өте ыңғайлы.
Жаңа құрылғы онлайн-кездесулер мен жұмыс кеңестері кезінде дыбысты анық жазып алып қана қоймай, оны автоматты түрде мәтінге айналдырады. P1-дің қос микрофоны жеке әңгімелерді де таза жазуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылғыда микрофонды бірден өшіруге арналған арнайы батырма бар.
Жазып алынған әңгіме бірнеше секунд ішінде арнайы бұлтты жүйеге жіберіліп, Claude, DeepSeek немесе OpenAI GPT сынды жасанды интеллект модельдері арқылы мәтінге айналады. Пайдаланушы дайын транскрипция мен қысқаша мазмұнды мобильді қосымша немесе веб-сайт арқылы қарай алады. Қазіргі таңда 75-тен астам тілге аудару қолжетімді. Ең қызығы – мәтінге айналдыру минуттары бойынша шектеу жоқ.
Қосымша мүмкіндіктерді пайдаланғысы келгендер үшін Pro жазылымы ($199) ұсынылады. Ол арқылы әртүрлі дауыстарды ажырату, Google Docs пен Notion жүйелерімен біріктіру, нақты уақыттағы сапалы аударма және жасанды интеллект көмегімен қысқаша жазбалар жасау мүмкін болады.
Қарапайым әрі ықшам нұсқасы — P1 Mini. Бұл құрылғы флешка тәрізді болып келеді де, телефонға жалғанып, Bluetooth-құлаққап арқылы дыбыс жазады. Егер негізгі батырмалары қажет болмаса, Mini нұсқасы да жеткілікті.
Қазіргі таңда Kickstarter платформасында HiDock P1 бағасы – $99, ал P1 Mini – $89.
Александр Козырев
Дереккөз— HiDock