Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстандық оқушы Орталық Азияның ең үздік информатика білгірі атанды

Қазақстандық оқушы Орталық Азияның ең үздік информатика білгірі атанды

41

Таяуда Ташкентте өткен математика және информатикадан III халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында Қазақстан оқушылары ерекше жетістікке жетті. Шығыс Қазақстан облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, Орталық Азияның ең үздік информатика білгірі деп танылды.

Олимпиадаға аймақтың 9 елінен жиналған 200-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл байқауда 100% нәтиже көрсетіп, қатысқан алты оқушының барлығы да жүлдемен оралды.

Жеңімпаздар тізімі:

Алдияр Амангелді – 9-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Өскемен;

Әли Мендеке – 9-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Семей;

Мейірбек Мұрат – 9-сынып оқушысы, НЗМ, Орал;

Медеу Жұбатыров – 8-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтау;

Айдайбек Абдурахман – 9-сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Тараз;

Нұрислам Дүйсенғали – 9-сынып оқушысы, РҚММШ, Алматы.

Команда жаттықтырушылары: Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Мақсұтов.

Әл-Хорезми олимпиадасы – Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамыту мен нақты ғылымдарды дәріптеуге арналған халықаралық алаң. Айта кету керек, былтыр қазақстандық оқушылар бұл байқауда төрт медаль еншілеген еді. Ал биылғы нәтиже – еліміздің білім сапасының жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.