Home Технологиялар Ғаламтор және желі eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

68

Қоғамда жеке мәліметтердің интернетте таралуына алаңдайтындар көп болғанымен, мұндай жағдайда қайда жүгініп, қалай әрекет ету керектігін білетіндер аз. eGov Mobile қосымшасында жүргізілген сауалнамаға қатысқан 50 мыңнан астам адамның жартысынан көбі — нақтырақ айтқанда, 53%-ы жеке деректері тараса, не істеу керектігін білмейтінін айтқан. Тек 18% ғана мәселені шешу жолдарын нақты түсінетінін көрсеткен.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында eGov Mobile қосымшасында Nomad Guard атты жаңа қызмет іске қосылды. Бұл сервис цифрлық қауіптерден қорғануға көмектесіп, қолданушыларға жеке мәліметтерінің ашық қолжетімділікте тараған-тарамағанын тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар күмәнді сайттардың қауіпсіздігін де анықтауға болады.

Жаңа қызметті қалай пайдалануға болады?

1. eGov Mobile қосымшасына кіріп, тіркеліңіз.

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

2. «Басқа қызметтер» бөліміне өтіп, Nomad Guard-ты таңдаңыз.

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

3. Тексергіңіз келген сайттың сілтемесін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз.

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

4. Тексеру нәтижесін «Менің тексерулерім» бөлімінен көре аласыз.

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

Қызметтің басты бетінде қолданушыға оның деректері қай сайттардан және қандай көлемде таралғаны жөнінде нақты ақпарат беріледі. Сонымен қатар «Алаяқтық» атты бөлімде күмәнді әрекеттер жайлы хабарлауға болады. Ал «Қосымша» бөлімінде цифрлық қауіпсіздік бойынша оқыту материалдары мен тесттер топтастырылған.

Nomad Guard жобасы ҚР Цифрлық даму министрлігіне қарасты Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығының бірлескен жұмысының нәтижесінде жасалған.

Бұл бастама қазақстандықтардың дербес деректерін қорғау ісіне тың серпін беріп, елдегі цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.