Home Технологиялар Ғаламтор және желі TikTok Еуроодақ заңын бұзды деген айыппен ірі айыппұлға тартылды

TikTok Еуроодақ заңын бұзды деген айыппен ірі айыппұлға тартылды

10

Еуроодақ TikTok компаниясына еуропалық қолданушылардың жеке деректерін Қытайға заңсыз жіберді деген күдікпен айыппұл салды. Бұл шешімді ЕО аумағындағы басты қадағалаушы орган – Ирландияның деректерді қорғау жөніндегі комиссиясы жариялады.

Комиссияның мәліметінше, TikTok Еуроодақтың деректерді қорғау талаптарын сақтамаған және мәліметтерді үшінші елге беру тәртібін бұзған. Компанияға заңсыз деректер тасымалын алты ай ішінде тоқтату міндеті қойылды.

Ал TikTok бұл айыппен келіспейтінін мәлімдеп, шешімді сот арқылы даулауға ниетті. Сондай-ақ компания өкілдері Қытай билігінен еуропалық қолданушыларға қатысты қандай да бір ақпаратты беру туралы сұраныс болмағанын және деректерді тапсырмағанын атап өтті.