Home Робот пен дрондар,ЖИ Абай облысының оқушылары су арналарын тазартатын робот ойлап тапты

Абай облысының оқушылары су арналарын тазартатын робот ойлап тапты

14

Аягөз ауданындағы қалалық қазақ мектеп-лицейінің бесінші сынып оқушылары жол жиегіндегі су ағатын арналарды қоқыстан тазартатын ерекше робот жасап шықты. Жас өнертапқыштар бұл жобалары арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуды мақсат тұтады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Ерсұлтан Жұматай, Амирхан Сапиев және Әкежан Берікқазы есімді үш оқушы өз күштерімен арналарды жапырақ пен тұрмыстық қалдықтардан автоматты түрде тазалайтын робот құрастырған.

Роботтың басты міндеті – су жолдарының бітеліп қалмауын қамтамасыз ету, арналардың таза әрі еркін ағып тұруына жағдай жасау. Жасөспірімдер құрылғыны жасау барысында заманауи робототехника мен инженерлік тәсілдерді қолданған.

Жобамен жұмыс істеу кезінде оқушылар арналарды тазалаудың тиімді жолдарын зерттеп, қозғалтқыш жүйесін де, қоқыс жинайтын механизмді де өздері құрастырып шыққан.

«Жалын» командасы бұл жобаны Семейде өткен «Abai regional FIRST Championship 2024» аймақтық чемпионатында қорғап, 25 команданың арасынан үздік ондыққа еніп, «Core Values Winner» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

« Біз тек қоқыс жинайтын роботпен шектеліп қалғымыз келмейді. Алдағы уақытта қалдықтарды сұрыптайтын шағын робот жасап шығарғымыз келеді», — деп, оқушылар өз жоспарларымен бөлісіп.