Home Электроника Ақылды құрылғылар Илон Масктың компаниясы көру қабілетінен айырылған жандарға үміт сыйламақ

Илон Масктың компаниясы көру қабілетінен айырылған жандарға үміт сыйламақ

9

АҚШ-тың Висконсин штатында өткен шарада Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск адамзаттың болашағына бағытталған тың жобасын таныстырды. Blindsight деп аталатын бұл құрылғы — көру қабілетін айырылғандар үшін үлкен үміт.

Жоба аясында адам миына арнайы чип орнатылады. Таңғаларлығы сол — бұл құрылғы көз бен көру жүйкесі мүлде жоқ адамдарға да көруге мүмкіндік береді. Егер адамның миындағы көру орталығы зақымданбаған болса, жүйе көру қабілетін біртіндеп қалпына келтіре алады. Алғашқы кезеңде визуалды бейнелердің сапасы 8-биттік ойындардағы графикадай қарапайым болмақ. Уақыт өте келе кескін айқынырақ болып, тіпті инфрақызыл, ультракүлгін немесе радиотолқындар арқылы көру мүмкіндігіне дейін жетуі мүмкін.

АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы (FDA) Blindsight-қа «жыл серпілісі» мәртебесін берді. Бұл — адам өміріне қауіп төндіретін сырқаттарды емдеуге арналған ерекше маңызға ие технологияларға берілетін мәртебе. Ол құрылғыны сынақтан өткізу мен нарыққа шығару үдерісін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

Neuralink жақында өз чиптері арқылы екінші пациенттің жағдайын баяндады. Алекс есімді азамат омыртқа жарақатынан кейін қозғалу қабілетінен айырылған еді. Алайда операциядан соң, небәрі екі күнде Counter-Strike 2 ойынын ойнап үлгерді.

Илон Масктың бұл жобасы — заманауи медицинаның және технологияның тоғысуынан туған жаңа мүмкіндіктердің айқын көрінісі. Blindsight жүйесі сәтті жүзеге асса, көру мүмкіндігін жоғалтқан миллиондаған адамға жаңа өмір есігін ашпақ.