Home Технологиялар Ғаламтор және желі Tesla зауытындағы жаңа кезең: жүргізушісіз көліктер алғашқы сапарын бастады

Tesla зауытындағы жаңа кезең: жүргізушісіз көліктер алғашқы сапарын бастады

16

Tesla компаниясы Giga Texas зауытында өндірісті автоматтандырудың жаңа сатысына көтерілді. Енді мұнда құрастырылып біткен электромобильдер арнайы жүк тиеу алаңына дейін жүргізушісіз, толықтай автономды түрде қозғалады. Бұл – өндірістік логистиканы автоматтандыру бағытында қолға алынған алғашқы ірі қадамдардың бірі.

FSD Unsupervised деп аталатын жүйе көліктің зауыт аумағындағы күрделі жағдайда да еш кедергісіз қозғалуы үшін жасалған. Ұзындығы екі шақырымға жуық бұл бағытта жұмысшылар, ауыр техника мен жүк көліктері үздіксіз қозғалыста болғанымен, Tesla автокөліктері межелі нүктеге дәл жеткен.

Компания таратқан мәліметке сүйенсек, бұл технология бұған дейін Калифорния мен Техаста сынақтан өткен. Осы аралықта жүйе 80 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп үлгерген. Model Y мен Cybertruck үлгілері әртүрлі жер бедерінде еш кедергісіз қозғала алатынын дәлелдеген.

Tesla-ның айтуынша, жүйе уақыт өте келе жинақталған тәжірибе негізінде жетіліп, жолдағы түрлі жағдайларда әрекет ету дағдысын дамыта береді. Бұл технология тек өндірістік логистиканы оңтайландырумен шектелмейді, ол болашақта іске қосылуы жоспарланған жүргізушісіз такси қызметінің де іргетасын қаламақ.

Tesla қолға алған бұл бастама — көлік жасау өнеркәсібіндегі тың бетбұрыстың көрінісі. Автономды жүйенің өндіріс процесіне енуі -уақыт талабына сай жасалған нақты қадам әрі келешек көлік индустриясының бағытын айқындайтын жаңашыл шешім.