Home Технологиялар VR мен AR Жүргізуші куәлігіне емтихан енді көліксіз өтеді

Жүргізуші куәлігіне емтихан енді көліксіз өтеді

19

Елімізде жүргізуші куәлігін алу жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілмек. Енді сынақ тапсыру кезінде көлікке отыру міндетті болмайды. Бұл үшін AR және Computer Vision технологиялары қолданылады. Жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қолға алып отыр, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, емтихан өткізу тәртібі еуропалық тәжірибеге сай жаңартылып, көлік құралын тіркеу рәсімдері де жетілдіріледі.

«Өткен жылы көлік тіркеу саласында 3 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Электронды түрде сату-сатып алу келісімдерін рәсімдеу, мемлекеттік нөмірлерді жедел дайындау, автосақтандыру қызметтері енгізілді. Енді құжат рәсімдеуге арналған жаңа платформа іске қосылып, биометриялық сәйкестендіру мен көлік тарихын тексеру мүмкіндігі қарастырылады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

Мамандардың айтуынша, мұндай өзгерістер жүргізуші куәлігін алуды жеңілдетіп қана қоймай, процестің ашықтығы мен әділдігін де қамтамасыз етеді.