Home Технологиялар Ғаламтор және желі ChatGPT неге нақты жауап бермейді? Мәселе – сіз ұсынған деректе

ChatGPT неге нақты жауап бермейді? Мәселе – сіз ұсынған деректе

12

ChatGPT секілді чат-боттарды күнделікті пайдаланатындар аз емес. Дегенмен жасанды интеллект арқылы дайындалатын контенттің сапасы көбіне қойылған сұраққа да, тіпті модельдің өзіне де байланысты емес. Мәселенің түп-төркіні – жасанды интеллектке ұсынылатын бастапқы деректің сапасында.

Интернет – ақпараттың қайнар көзі. Алайда оның қойнауында құнды мәліметтермен қатар, күмәнді, тіпті шындыққа жанаспайтын деректер де жетіп артылады. Жасанды интеллект осының бәрін бір арнаға тоғыстырып, шын мәнінде терең әрі нақтылы жауаптың орнына, көбіне үстірт әрі жалпылама шешімдер ұсынады.

Ендеше, сапалы әрі нақты жауап алу үшін не істеу керек?

Бастысы – жасанды интеллектінің мүмкіндігін шектеусіз пайдаланып қана қоймай, оған ұсынылатын дерекпен жүйелі түрде жұмыс істеу маңызды. Тек тілдік модельдерге иек арту жеткіліксіз. Керісінше, нақты мақсатқа бейімделген, сенімді құралдарды қолдана отырып, мазмұн сапасын арттыруға назар аудару қажет. Осылай ғана жасанды интеллектіден шынайы пайда алуға болады.

Сондықтан өзіңізге қажет ақпаратты жай ғана жылдам емес, нақты әрі құнды етіп дайындауға көмектесетін тиімді жұмыс тәсілін ұсынамын.

  1. Semantic Scholar / Elicit – ғылыми дереккөздер арқылы сапалы ақпарат іздеу

ChatGPT-ге бірден сұрақ қоюдың орнына, мен алдымен Semantic Scholar немесе Elicit платформаларын қолданамын. Бұл – ғылыми зерттеулер мен жиі дәйектелетін, сенімді мақалаларды іздеуге арналған құралдар. Мұндай дереккөздерге сүйену — сапалы мазмұнның алғашқы баспалдағы.

  1. NotebookLM – зерттеулерді құрылымдап, маңызды ойларды бөліп алу

Келесі қадам – алынған зерттеулерді NotebookLM жүйесіне жүктеу. Бұл құрал мақалаларды талдап, ішіндегі маңызды тұстарды бөліп алуға көмектеседі. Ақпаратты жүйелеу арқылы нақты сұраққа нақты жауап табу оңайланады. Демек, енді сізде нақты әрі сенімді бастапқы база бар.

  1. ChatGPT (немесе Claude, Gemini сынды өзге де модельдер)

Осыдан кейін ғана ChatGPT немесе өзге де тілдік модельдердің көмегімен алынған мәліметтерді практикалық ұсыныстарға айналдырамын. Яғни, күрделі ғылыми тұжырымдарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу – соңғы, бірақ ең маңызды кезең.

Semantic Scholar мен NotebookLM – тегін, кез келген адамға қолжетімді құралдар. Ал ChatGPT-тің Deep Research Mode тәртібі жедел шолу жасауға қолайлы болғанымен, сапа мен тереңдік жағынан шектеулі.

Неліктен бұл тәсіл маңызды?

Жасанды интеллект ұсынған контенттің сапасы көбіне интернеттегі шикі деректерге сүйенгендіктен төмен болады. Егер жұмыс ғылыми зерттеулерден басталса, әрі ол ақпарат мұқият құрылымдалса, нәтиже де соғұрлым нақты, сапалы және пайдалы шығады.

ЖИ-дің басты артықшылығы — жылдамдық. Бірақ шынайы құндылыққа тек сенімді ақпаратпен ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, терең мазмұн жасағыңыз келсе, ақпаратпен жұмысты дұрыс бастау – ең маңызды қадам.

Жасанды интеллектке сенім арту үшін алдымен өзіңіз сапалы дерек ұсыныңыз. Сонда ғана нәтиже көңілден шығады.