Home Кәсіби маман POCO M7 Pro 5G Қазақстанда сатылымға шықты

POCO M7 Pro 5G Қазақстанда сатылымға шықты

16

Технологияға қызығушылық танытатын жастар арасында кеңінен танымал POCO бренді өзінің жаңа смартфоны — POCO M7 Pro 5G моделін Қазақстан нарығына ұсынды.

POCO Global компаниясының өнімдер маркетингі жөніндегі жетекшісі Ангус Нг-дің айтуынша, бұл құрылғы – заманауи технологияны барынша қолжетімді етуге бағытталған маңызды қадам.

«POCO M7 Pro 5G – жаңа буынға 5G мүмкіндіктерін ұсынып қана қоймай, ойын-сауық пен күнделікті қолдануға арналған құрал ретінде де жоғары талаптарға сай жасалған құрылғы. Жылдам әрі сапалы дисплейі, қуатты Dimensity 7025-Ultra процессоры мен жаңартылған камера жүйесі арқылы бұл смартфон кез келген қолданушының сұранысын қанағаттандырады», – дейді ол.

POCO M7 Pro 5G – өз сегментіндегі ең қуатты құрылғылардың бірі. AnTuTu бенчмаркі бойынша 477 003 ұпай жинаған. 5G технологиясымен үйлесімді процессор мобильді ойындарда кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 8 ГБ оперативті жады (LPDDR4X) мен 256 ГБ ішкі жады (UFS 2.2) арқасында қосымшалар да, ойындар да жылдам іске қосылады.

Смартфон 5110 мА·сағ көлеміндегі қуатты батареямен жабдықталған. 45 Вт турбоқуаттау технологиясы арқылы құрылғыны тез қуаттауға болады. Сонымен қатар, TÜV Rheinland халықаралық сертификаты батареяның ұзақ мерзімділігін растайды — 1600 рет қуаттандырылғаннан кейін де оның сыйымдылығы бастапқы қуатының 80%-ын сақтап қалады.

Сапалы экран мен анық естілетін дыбыс

6,67 дюймдік AMOLED дисплейі 2400×1080 рұқсатпен және 2100 нитке дейінгі жарықтылықпен ерекшеленеді. Бұл — POCO M сериясындағы ең жарқын экран. Тіпті күн сәулесінде де экран анық көрінеді. 120 Гц жаңарту жиілігі мен 2160 Гц жанасуға жауап беру мүмкіндігі ойындар мен видеоларды тамашалауды ерекше ыңғайлы етеді.

Тартымды дизайн, берік корпус

Смартфонның ені – небәрі 75,7 мм, салмағы – 190 г. Қолға ұстауға ыңғайлы, ықшам әрі заманауи. Жасыл, күміс және күлгін түсті үш нұсқада ұсынылады. Артқы қақпақтың тас тәрізді текстурасы стиль мен мықтылықтың тамаша үйлесімін көрсетеді.
Қазақстандағы сатылым

Қазақстандағы сатылым

POCO M7 Pro 5G 2025 жылғы 7 сәуірден бастап Қазақстанда сатылымға шықты. Смартфонды mi.com/kz ресми сайтынан және Kaspi платформасындағы бренд дүкенінен сатып алуға болады.

POCO M7 Pro 5G Қазақстанда сатылымға шықты

Бағасы:
POCO M7 Pro 5G (8 ГБ + 256 ГБ) — 104 990 теңге.
Ал 7–20 сәуір аралығында алғашқы сатып алушылар бұл модельді жеңілдікпен, 99 990 теңгеге иелене алады.