Home Технологиялар Қосымшалар мен бағдарламалар Алматыда жасанды интеллект мектебі ашылды

Алматыда жасанды интеллект мектебі ашылды

22

Алматыда жастарға арналған тегін жасанды интеллект мектебі өз жұмысын бастады. Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықта ашылған жаңа мектеп жас алматылықтарға AI технологияларын терең меңгеруге мүмкіндік береді.

Курс бағдарламасы машиналық оқыту алгоритмдерін, нейрондық желілердің негіздерін, деректермен жұмыс істеу әдістерін және жасанды интеллекттің әртүрлі салада қолданылуын қамтиды.

Қазіргі таңда Алматыда 11 комьюнити-орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтар жастарға қолдау көрсетіп, өз білімдерін жетілдіруге жағдай жасайды.