Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қарапайым телефон арқылы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болады

Қарапайым телефон арқылы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болады

32

Енді мемлекеттік қызметтерді алу үшін телефонның қажеті жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.

— Жаңа үлгідегі телефоны жоқ азаматтардың да цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануына жағдай жасау жоспарланып отыр. Кейбір мемлекеттік қызметтерді қарапайым ұялы телефон арқылы арнайы сандар мен белгілерді теру арқылы алу мүмкіндігі қарастырылуда, — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол техникалық қиындықтар туындаған жағдайда немесе қосымша көмек қажет болғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жүгінуге болатынын атап өтті.

— Алдағы уақытта жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйелерді енгізу көзделіп отыр. Бұл қызметті пайдалану үшін байланыс құралы немесе компьютер қажет болады. Жаңа жүйе арқылы азаматтар қоңырау шалу арқылы мемлекеттік қызметтерді оңай ала алады, — деп толықтырды ол.